Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қазақ тарихы   №9 (186), қыркүйек, 2020



Pdf көрінісі
бет70/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   299
9-20

19

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

Г.Ф.Генс  осылардың  ішінен  Жантөрені  ерекше 

қолдады [6, 5- 6-пп.]. 

А.И.Добросмысловтың  пайымдауынша  Жұма 

Құ даймендиев  атқар ған  лауазымынан  1830  жылы 

өз еркімен [7, 5-6-пп.], ал біздегі мә лі мет бойынша 

1828  жылы  П.К.Эссеннің  бұйрығымен  босатылған 

[6, 31-п.].



1828  жылы  3  қазанда  Орынбор  әскери  гу­

бернаторы  п.К.Эссен  Звериноголовская  бекі­

ні сінде  билеуші  сұлтанмен  болған  жеке  кезде­

суінде,  ж.Құ дай мен  диевке  өз  міндетін  жете 

орын дамағаны  үшін  лауазымынан  шеттетілге нін 

ха  бар лайды [6, 31-п.; 5, 144-п.]. П.К.Эссен билеуші 

сұлтанға  оның  жасын  (70  жас)  сыйлағандықтан 

ғана    қатаң  жазадан  босатылғанын  түсіндірді  [5, 

144-п.].  Сол  күні  әскери  губернатор  билеуші  сұлтан 

Жұма  Құдаймендиевке  істі  оның  көмекшісі,  еңбек-

қорлығымен жақсы танымал, 1826 жылы «ең жоғары 

марапатқа ие бол ған», сұлтан Жантөре Жихангеровке 

тапсыруға бұйрық береді.

Орынбор  Шекаралық  комиссиясы  Жұма  Құдай-

мендиевтің  шарасыз дығынан  шешілмей  қалған  ша-

ғымдарды  қанағаттандыру  мақсатында,  оның  ең-

бек  ақысынан  ақша  ұстап  қалуды  ойластырады, 

бірақ  лауазымынан  босатылуына  байланысты  мұ-

нан  бас  тартуды  ұйғарады.  Жұма  Құдаймендиев 

1838  жылдың  мамыр  айында  қайтыс  болады,  бұл 

туралы Шекаралық ко миссияға 16 мамыр күні Шотай 

Бақтыгереев хабарлайды [8, 1-п.].

Жұманың  орнына  Шығыс  бөліктің  билеуші  сұл-

тан  лауазымын  атқа рушы  болып,  бұрын  қыпшақ 

руын басқарған, Қайып ханның немересі – Жантөре 

Жихангеров тағайындалады [9, 1-п.]. Оған осы лауа-

зымына  сәйкес  билік  белгілерін  құрайтын  қызыл 

сахтиян  қаптамадағы,  жасыл  барқыт  қынабы  бар, 

болат  жүзді  алтын  қылыш,  алтын  белдігімен  және 

күміс қылыш бауымен табыс етілді [5, 147-п.].

1829  жылдың  5  наурызынан  бастап  император-

дың  жарлығы  бойынша  Кіші  жүз дің  билеуші  сұлтан 

лауазымын  уақытша  атқарушы  сұл тандарға,  өздері-

не  жүктелген  міндеттерді  сәтті  орындағаны  үшін, 

Орынбор  әскери  губернаторының  ұйғарымымен  ақ-

шалай  немесе  заттай  қомақты  мара пат  берілді  [5, 

155-п.]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет