Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Орданың  шығыс  бөлігін  басқаруда,  Батыс



Pdf көрінісі
бет67/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   299
9-20

Орданың  шығыс  бөлігін  басқаруда,  Батыс 

және  Орталық  бөліктермен  салыстырғанда, 

бірнеше ерекшелік бар. Біріншісі – Жәдіктен тараған 

Қайып ханның ұрпақтары билеуші сұлтандар болып 

бекітілді. Патша үкіметі өзінің Кіші жүз қазақтарының 

Ресей  империясына  қосылуға  бастамашы  болған 

Әбілқайыр ханға берген сертін алғаш рет бұзды.

Екінші  ерекшелігі  –  Орданың  Шығыс  бөлігінің 

құрамына  Орта  жүздің  ру-тайпалары  кірді.  Соның 

ішінде,  арғынның  шақшақ,  айдарқа,  қырық  мыл-

тық,  қараман,  жар  жетім  бөліктері,  сонымен  қатар, 

қыпшақтар, балта керей бар еді [1, 346-п.].

Үшіншіден,  бұл  Орынбор  ведомствосындағы 

құрамы  ықшам,  аумағы  шағын  бөлік  болды.  1843 

жылы  Шығыс  бөліктің  құрамында  шамамен  18  мың 

шаңы рақ бар еді [2, 200-б.].

1824  жылы  3  тамызда  Орданың  Ортаңғы  және 

Шығыс бөліктерінің ара сын дағы шекара анықталды. 

Ф.Берг басқарған Комитеттің шешімінде: «шекараны 

Ұя  өзенінің  Степная  бекінісі  орналасқан  жерінен 

бастап, Тоғызақ, Қара Әли-Аят, Жігібар және Тобыл 

өзендерінің  жоғарғы  бөліктері  арқылы,  олардың 

барлық  ағыстары  шығыс  жағында  қалатындай 

етіп  жүргізу;  әрі  қарай  шекара  сызығын  Тобылдың 

жоғарғы бөлігінен Қарсақ Басы көлі арқылы бұрынғы 

карталарда көрсетілмеген, бірақ, Торғай мен Ырғыз 

өзендері  тоғысында  орналасқан  Қалы  өткеліне 

дейін  жүргізу;  осы  аталған  өткелден  Қорқыт 

зираты  орналасқан  Сырдарияға  аймағына  дейін 

Епачка  атаулы  жолмен  Сүз  Қара  құдығы  арқылы 

Бұхардың  кендірлі  қонысына  дейін  жалғастыру», 

– керек деп көрсетілген. [1, 342-п.]. Осы жерде Кіші 

және  Орта  жүздің  қазақтары  арасында  шекара ның 

толық  анықталмағаны  туралы  мәселе  туындады. 

Уақытша шекара Алабұға шекара бекетінен, Убағанға 

құятын барлық өзендердің бастаулары арқылы және 

барлық  Торғайдың  (Сары  Торғай,  Ұлы  Торғай,  Кіші 

Торғай өзендері – Г.И.) Ұлытау тауына дейінгі барлық 

бастаулары  арқылы  өтетін  сызық  болып  саналды 

[1,  325-п.].  Бұл  Орынбор  әскери  губернатор лары 

мен Батыс Сібір генерал-губернаторлары арысында 

ұзаққа  созылған  жанжалдың  бастамасы  болды  [3]. 

Билеуші  сұлтандар  Орынбор  шекаралық  комис-

сия сының,  империяның  аймақтағы  саясатын  іске 

асырушы,  көмекшілері  ретінде  тағайындалды.  1824 

жылы  31  наурызда  Азиялық  коми теттің  отырысын-

да  Орданың  жаңа  басқарушылары  үшін  нұсқаулық 

жобасы  қаралды,  мұнда  билеуші  сұлтандар  ат қа-

ратын  міндетті  істер  анықталды,  ал  олар  түпкілікті 

түрде 1844 жылғы «Ережемен» бекітілді. 1824 жылғы 

реформа  қазақ  халқын  басқаруда  ақ  сүйектерге  – 

Шығыс хан тегіне табан тіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет