Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Тіл  білімінің  өзіндік  философиялық  базасы



Pdf көрінісі
бет8/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   299
9-20

Тіл  білімінің  өзіндік  философиялық  базасы 

–  тіл  философиясы.  Тіл  философиясының  негізгі 

принциптері  –  тілді,  оның  формаларын  әрекет  деп 

тану,  оларды  халықтың  ұлттық  санасы  деп  есептеу. 

Тіл  –  әрекеттің  өзі.  Сондықтан  оның  бірден-бір 

ақиқат  анықтамасы  генетикалық  қана  болу  керек. 

Тіл  –  дыбысты  ойдың  көрсеткішіне  айналдыратын 

рухтың әрекеті. Даму– тілдің өмір сүруінің формасы. 

Тіл  –  ойлау  әрекетінің  творчестволық  синтезі,  бірақ 

сонымен  бірге  ол  –  актив  форма,  ойлау  әрекетінің 

құралы да. Тіл мен ойлаудың бірлігі – ажырамас бірлік. 

Бұл  сөйлеу  мен  ойдың  бірлігі.  Өйткені  тіл  жалпы, 

коллективтік  меншік  болғандықтан,  индивидумға 

әсер  етеді.  Адам  тілді  неғұрлым  жақсы  меңгерген 

болса, солғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді. 

Осылармен  қатар,  Гумбольдт  тіл  мен  «халық  рухы» 

арасындағы  байланысты  да  сөз  етеді.  Бірақ  тілдің 

қоғамдық  сипатын  ұлттық  табиғат,  адамдардың 

жанында,  санасында  болатын  идеалдық  нәрсе  деп 

біледі. Бұл идеалдық – индивидуалдык емес, жалпы 

халықтық,  тілдік  ойлау.  «Халық  тілі  –  оның  рухы, 



халық  рухы  –  оның  тілі».  Тіл  жеке  адамдардың 

сөйлеуі  арқылы  керінгенмен,  ол  –  жеке  адамның 

табысы  емес,  халықтың  табысы.  Тіл  –  халықтың 

дауысы,  олардың  жаны.  Бұл  тек  байланыс  және 

ақпарат беру құралы ғана емес. Әр халықтың дерлік 

өз тілі бар. Тіл онымен бірге дамиды, өзінің тарихын, 

сипаты  мен  барлық  ерекшеліктерін  бойына  сіңіреді. 

Тілін  жоғалтқан  немесе  ұмытып  кеткен  адамдар 

көбінесе жеке басын жоғалтады.

Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы 

мен  дамуы,  ойлау  мен  тілдің  ара  қатысы  және  т.б. 

проблемаларды  зерттеп  шешу  үшін,  философия 

тіл  біліміне  бағыт-бағдар  сілтейді,  аталған  проб-

лемаларды  шешудің  принципін  белгілейді.  Тілдің 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет