Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев, Т. Омар бе ков


Қазақ тарихы   №9 (186), қыркүйек, 2020



Pdf көрінісі
бет9/299
Дата02.01.2022
өлшемі1 Mb.
#452020
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   299
9-20

3

Қазақ тарихы  



№9 (186), қыркүйек, 2020

тео риялық  мәселелерін  тек  жалпы  тіл  білімі  ғана 

емес,  сонымен  бірге  тілдің  философиясы  да 

қарастырады. Жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның 

бір  саласы  болып  саналса,  тілдің  философиясы 

философия  ғылымының  бір  саласы  болып  са-

налады  да,  ортақ  мәселелерді  бірлесе  зерттейді. 

Тілді  оның  формасы  мен  мазмұнының  бірлігі, 

бай ланысы  тұрғысынан  зерттегенде  ғана,  оның 

дамуының жалқы заңдары мен жалпы заңдарының 

табиғатын ашып айқындау ға және түсінуге болады. 

Адамның  ойлауы  тіл  формасы  түрінде  іске  асатын 

болғандықтан, филосо фия адамның ойлау процесі, 

анығырақ айтқанда, өзін қоршаған дүниені адамның 

тану  процесі  тілде  қалай  көрінеді  деген  мәселені 

ескерусіз  қалдыра  алмайды.  Бұл  мәселе  таяныш 

етілетін  негізгі  философиялық  позиция  тұрғысынан 

шешілуге тиіс: диалектикалық материализм материя 

алғашқы да, сана екінші, туынды деп есептейді. Бұл 

қағида – кеңестік ғалымдардың баршасына қатысты, 

соның ішінде тіл біліміне де, бірдей қатысты, бірдей 

ортақ басты қағида саналды. Бізді қоршаған айнала 

дүние  және  оның  заңдары  адам  санасынан  тыс 

және  оған  тәуелсіз  өмір  сүреді,  адам  оны  еңбек 

процесінде таниды және қажет жағдайда өз керегіне 

жаратады. Адамның ойлауы тіл арқылы материалды 

жамылғышқа  оранады  да,  обьективті  шындықты 

көрсетеді. Обьективті шындықта болатын нәрсенің, 

танылғанның бәрі де тілде белгіленеді [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   299




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет