Жеке-дара оқу формасымұғалімнің бір оқушымен педагогикалық
қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасындаоқушылар əрқилы мүдде-
мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір
мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп,
сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде
бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу
формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас,
өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі
ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде
қарастырылады.
Жұптасып оқуданегізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі
оқушының қатысуымен орындалады.