Сонымен, əдіс көп, оның топтастырылуы да сан қилы, əрқайсысы
өз алдына тиімді де, кемшілігі де жоқ емес.Осынысына көз жібере
отырып, зерделі ұстаз оқу мақсатына, мазмұнына,
алдындағы оқу
субъектіне сай келетін нақты əдіс таңдайды, оны қолданудың
жолдарына мəн береді.
8.3. Оқу құрал – жабдықтары
Оқу əдістері белгілі оқу ( дидактика) құрал - жабдықтарымен іске
асырылады.
Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу, ептіліктер
қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең жəне
тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі
құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б.
байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім
мақсатын іске асыруға жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни
оқу əдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы
бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды. Оқу
құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды
жеңілдетеміз. Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту
қызметтерін атқарып, оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-
əрекетті басқару мен бақылауға пайдаланылады. Дидактикалық
құралдар төмендегідей тіркеледі:
-
көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер
ж.т.б.;
-
есіту(аудио)құралдары-радио, магнитафон, əн-күй аспаптары
ж.т.б.;
-
есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
-
сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
-
оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері,
компьютерлер, ақпараттық жүйелер,
телебайланыс- қатынас
тораптары;
-
сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Достарыңызбен бөлісу: