Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет109/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1.  Оқу əдісі деген не? 
2.  Өзіңізге таныс əдістер топтамасына сипаттама беріңіз? 
3.  Оқу əдістерінің қай топтамасы,  сіздіңше,  сəтті берілген? 
4.  Оқу əдістерін іріктеуге ықпал етуші жағдаяттарды атап беріңіз? 
5.  Қай жағдайда зат не құбылыс оқу құралы ретінде танылады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


9-дəрісбаян. Оқу формалары
 
 
Жоспары 
 
1. Оқу формасы түсінігі 
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы 
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары 
4. Оқу түрлері 
 
 
9.1. Оқу формасы түсінігі 
 
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада 
жүзеге асып барады. 
Латын  сөзі  «форма»  тысқы  бейне,  сырттай  көрініс,  қандай  да 
нəрсенің  құрылымы  дегенді  аңдатады.  Оқуға  байланысты  форма  екі 
мағынада  қолданылады: 1) оқу  формасы; 2) оқу-ұйымдастыру 
формасы. 
Дидактикалық  категория  ретінде  оқу  формасы  оқу  процесі  
ұйымдастырылуының  сырттай  көрінісін  білдіреді.  Ол  оқу  процесінің 
мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық 
жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. 
Оқушылар  санына,  оқу  уақыты  мен  орынына,  іске  асыру  тəртібіне 
орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде 
келесідей  оқу  формалары  қалыптасқан:  жеке-дара,  топтық,  толық 
сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс   
сыныптық  жəне  сыныптан  тыс,  мектептік  жəне  мектептен  тыс,  
əлбетте,  мұндай  топтастырудың  (классификация)  жетілген  ғылыми 
негіздемесі  əзірге  болмай  тұр.  Дегенмен,  осы  тұрғыдан  оқу 
формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет