Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет116/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244
Жалпы педагогика 2005

мангейм  жүйесі  аталған  таңдамалы  оқу  формалары  пайда  болды. 
Біріншісінің  мəні-мұғалім  уақыты  екі  бөліктен  тұрады:  алғашқысы-
бүкіл  сыныпен  ұжымдық  оқу  ісіне  арналады  да,  ал  екінші  бөлімінде 
қажетсінген оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі.  
Мангейм (Европада) қаласында қолданылған мангейм оқу формасы 
негізінен  сынып  сабақтық  оқу  талаптарын  сақтай  отырып, 
оқушылардың қабілеттеріне, ақыл-парасат даму деңгейі мен дайындық 
дəрежесіне қарай əртүрлі сыныпқа бөліп отыруды көздеді.  
Оқу жүктемесі мен оқу əдістерін балалардың нақты қабілеттері мен 
мүмкіндіктеріне  орайластыру  принципін  сақтай  отырып,  бұл  жүйенің 
негізін  қалаушы  Й.  Зиккингер  төрт  типті  сынып  оқуын  ұсынды;  аса 
дарындылар  үшін,  орташа  қабілетті  балаларға  арналған  негізгі 
сыныптар,  қабілеті  төмен  балалар  сыныбы  мен  ақылы  кем 
оқушыларға  арналған  көмекші  сыныптар.          Мұндай  сыныптарға 
балаларды  іріктеу  психометриялық  барлау,  мұғалімдер  мінездемелері 


мен  емтихандар негізінде жүргізілді. Й. Зиккингердің пайымдауынша , 
мұндай  оқуларға  тартылған  шəкірттер  дамуына  орай  сыныптан 
сыныпқа  ауысып  отыруына  мүмкін  еді,  алайда  бұлай  болмай  шықты, 
себебі  оқу  бағдарламаларындағы  шектен  тыс  алшақтық  бұған  жол 
бермеді.  
1905 ж. Дальтон (АҚШ) қаласында алғашқы рет Елена Праксхерт 
қолданып, дальтон-план аталған жекеленген оқу жүйесі пайда болды. 
Бұл  жүйе  педагогикада  көбіне  зертханалық  немесе  шеберханалық  оқу 
жүйесі  деп  те  аталады.  Жүйенің  алға  қойған  мақсаты-оқушыға  өзіне 
тиімді  шапшаңдық  жəне  қарқынмен  оқып,  өз  қабілетіне  орай  білім 
игеруге  мүмкіндік  беру.  Оқушылар  əр  пəнге  байланысты  жылдық 
тапсырмаларын алу мен белгіленген мерзімде олар бойынша есеп беріп 
отырды.  Дəстүрлі  сабақ  формасындағы  оқу  шегерілді,  баршаға  ортақ 
дəрістер  кестесі  болмады.  Оқушылар  табысты  оқуы  үшін  қажетті 
оқулықтардың,  əдістемелік  нұсқаулардың  бəрімен  қамтамасыз 
етілмеді. Ұжымдық оқу жұмысы күніне бір сағат өтіліп, қалған уақытта 
олар  пəн  шеберханалары  мен  зертханаларында  өзіндік  жеке  дəріспен 
айналысты.   
Жұмыс  тəжірибесі  көрсеткендей,  оқушылардың  көбінің  мұғалім 
жəрдемінсіз  дербес  білім  игеруге  шамасы  жетпейтіні  белгілі  болды. 
Сонымен  дальтон  –план  педагогикалық  іс-тəжірибеде  кең  өріс  жая 
алмады. 
1920-жылдары  дальтон-план  ғалымдар  мен  мектеп  қызметкерлері 
тарапынан  қатаң  сынға  кезікті.  Дегенмен,  сол  уақыттың  өзінде  ол 
ССРО-да    пайда  болған  оқудың    бригадалық-  зертхана  формасына 
өрнекке алынып, қатаң құрылымды сабақты ығыстырды. Бригадалық –
зертхана  оқуының  дальтон-планнан  ерекшелігі – бүкіл  сыныптың 
ұжымдық жұмысы бригадалы топ оқу ісі мен əр оқушының жеке оқуы 
арасындағы байланысқа негізделді. Жалпы дəрістерде оқу жұмыстары 
жоспарланды,  тапсырмалар  талқыланды,  мұғалім  қиын  сұрақтарды 
түсіндірді  жəне  көпшілік  оқу  іс-əрекетін  қорытындылады.  Бригада 
тапсырмасын  белгілей  отырып,  мұғалім  оның  орындалу  уақытын 
көрсетті,  əр  оқушының  міндетті  оқу  тапсырмасын  анықтап,  қажет 
болса, əрбір оқушының шамасын байқап, оған бөлінген тапсырмаларға 
даралықты  сипат  беріп  отырды.  Қорытынды  конференцияларда 
бригадаға  жетекші  оқушы  жұмысты  орындауға  қатысқан  белсенділер 
атынан  есеп  береді,  ал  қалған  оқушылар  тек  қатысып  қана  отырды. 
Барлық бригада мүшелеріне бірдей баға қойылды. 
Əмбебап  оқу  жүйесі  ретінде  қабылданған  бригадалы-зертхана 
оқуына  тəн  сипаттар:  мұғалімнің  жетекші  ролі  мойындалмады,  оның 
қызметі оқушыларға ретті кеңес берумен шегерілді. 
Шəкірттердің  оқу  мүмкіндіктері  мен  білім  жинақтаудың  өзіндік 
дербес  əдісін  əсірелеуден  үлгерім  күрт  төмендеді,  білім  игеруде 


жүйелілік  болмай,  жалпы  білімдік  маңызды  ептіліктер  қаланудан 
қалды. 1932 жылы бұл жүйе бойынша оқу мүлде тоқтады. 
1920  жылдар  кеңестік  мектеп  тəжірибесінде  жобалап  оқыту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет