Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К



Pdf көрінісі
бет117/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   244
Жалпы педагогика 2005

жүйесі  (жобалау  əдісі)  қолданыла  бастады.  Орта  Азия  жəне 
Қазақстан аймағында бұл  жүйе төте оқу  атамасымен қабылданды. 
Жүйе  авторы  американдық  мектеп  мұғалімі - У.Килпатрик.  Бұл 
педагогтың  ойынша,  мектеп  бағдарламасының  негізіне  баланың  өмір 
барысында  топтаған,  нақты  дүниемен  байланысты  тəжірибелік  іс-
əрекеттері  жəне  оның  ұмтылыс,  қызығулары  арқау  болуы  шарт. 
Мемлекет  не мұғалім оқу бағдарламасын жасауға құқылы емес, ол оқу 
процесінде балалардың мұғаліммен бірлікті ісі нəтижесінде түзілуі əрі 
оның мазмұны баланы тікелей қоршаған болмыстан алынуы тиіс. Жоба 
түзуге қажет тақырыптарды оқушылар өздері таңдайды. Оқу тобының 
мамандануына  (бағытына) орай жоба шынайы болмыстың қоғамдық-
саяси,  шаруашылық-өндіріс,  мəдени-тұрмыстық  салаларына  сəйкес 
болуы  міндетті,  яғни  оқу-жобаларын  құрастырудағы  мақсат-  баланы  
өз өмір желісінде туындайтын проблемаларды зерттеп, тануға үйретіп, 
оларды  шешу  жолдары  жəне  құралдарымен  қамсыздандыру. Алайда, бұл 
əдіске  əсіре  əмбебап  сипат  беру  жəне  оқу  пəндерін  жүйелестіріп  меңгеруден  бас 
тарту балалардың жалпы білімдік дайындығына орасан нұқсан келтіріп, үлгерімді 
өте  төмендетіп  жіберді.  Жүйе  сонымен  түгелдей  дағдарысқа  ұшырап,  келмеске 
кетті. 
1960  жылдары  американдық  педагогика  профессоры  Л.Трамп 
ізденісіне байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу  жүйесі 
үлкен  маңызға  ие  болды.  Оқуды  ұйымдастырудың  бұл  формасында 
үлкен  дəрісханалардағы (100-150 адам)  оқуды 10-15 адамдық  шағын 
топтар  мен  жеке  оқушылар  жұмыстарын  байланыстыра  жүргізу 
көзделді.  Əрқилы    техникалық    жабдықтармен    өтілетін  жалпы  
дəрісбаяндарға  оқу  уақытының 40%, дəрісбаяндарды  талқылау  жəне 
кей  бөлімдерді  тереңдей  меңгеру  мен  ептілік  жəне  дағдылар 
қалыптастыру  семинарларына 20%  бөлініп,  ал  қалған  уақытты (40%) 
оқушылар мұғалім не жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне 
пайдаланды. Бұл жүйеде сынып шегеріліп, шағын топтар құрамы тұрақсыз болды. 
Қазіргі  уақытта  Трамп  жоспары  бойынша  аз  санды  жеке  меншікті 
мектептер  ғана  жұмыс  істейді,  ал  көпшілік  оқу  орындарында  бұл 
жүйенің  кейбір  элементтері  сақталған,  атап  айтсақ,  олар – бір  пəнді 
оқытушылар бригадасы алып барады (біреулері дəрісбаяндар жүргізсе, 
басқалары  семинарлар  ұйымдастырады);  үлкен  топ  оқушыларымен 
дəріс  жүргізу  үшін  арнайы  білімі  болмаған  жəрдемшілер  тартылады; 
кіші  топтарда  өзіндік  жұмыстар  ұймдастырылады.  Жалпы  білім 
беретін мектепке жоғары оқу орындарындағы білім жүйесін қарадүрсін 
енгізумен  бірге  Трамп  жоспары  даралықты  оқу  принципін  ұстана 
отырып,  оқушыға  білім  мазмұны  мен  оны  игеру  əдістерін  таңдауда 


толық  еркіндік  береді.  Бұл  жоғарыда  аталған  кей  жүйелердегі 
мұғалімнің  жетекшілігін  мойындамай,  білім  стандартынан  бас 
тартудың əлі де сақталуына жол қойып отыр. 
Осы заманғы кей мектептер тəжірибесінде оқуды ұйымдастырудың 
басқа  да  формалары  қабылданған.  Батыс  елдерінде  шектері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет