Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле
(1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің
педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана
XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан
педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан.
Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен
дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге
келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен
байланысты. Оның 1654 жылы Амстердамда жарық көрген «Ұлы
дидактика» атты еңбегі алғашқы ғылыми-педагогикалық кітаптардың
бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге
дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын жоғалтқан емес.
Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері,
формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. «Оқу
негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын
жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы
тиіс»; «Естігенді –көргенмен, сөзді- қол əрекетімен байланыстыру
қажет»; «əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-парасат байланысы
негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет»… Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз
қайрат-күшін тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тəрбие жөніндегі
ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін
іскерлікпен, берік наным-сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра
білген адам - джентельмен тəрбиелеуге арналған көзқарастарын
жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен
танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784),
Достарыңызбен бөлісу: |