белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір
жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да
болымсыз тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті
білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп
қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық
қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне
қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз
етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін жүйелі
басқару қиын.
Достарыңызбен бөлісу: