Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


Бағдарламаластырылған  оқу  технологиясының  (БОТ)



Pdf көрінісі
бет147/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   244
Жалпы педагогика 2005

Бағдарламаластырылған  оқу  технологиясының  (БОТ)  негізгі 
мақсаты  оқу  процесінің  басқару  жүйесін  жақсарту  (П.Я.Гальперин, 
Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин жəне т.б.). 
БОТ  бастауын  берген  американдық  психологтар  мен  дидакттар 
(Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси). 
БОТ – бұл  арнайы  жабдықтар,  бағдарламаластырылған  оқулық, 
ерекше  оқу-машинасы,  ЭВМ  жəне  т.б.  көмегімен  күні  ілгері 
дайындалған  бағдарлама  бойынша  орындалатын  өзіндік  жеке-дара 
оқу  технологиясы.  Бұл  технология  əрбір  оқушыға  өзіндік  сапа-
қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі жəне т.б.) оқуына 
мүмкіндік береді. 
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:  
-  оқу  материалының  кіші  көлемді  жеңіл  игерілетін  бөлшектерге 
жіктелуі; 
-  əр  бөлшекті  игеруге  арналған  нақты  əрекеттерді  орындау  нұсқаулары 
жүйесінің берілуі; 
-  əр бөлшек игерілуінің тексерілуі; 
-  қадағалау  тапсырмаларының  дұрыс  орындалуымен  оқушы 
материалдың  ендігі  жаңа  бөлшегін  алып,  келесі  оқу  қадамын  іске 
асыруға өтуі; 
-  дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек 
түсініктемелерін алуы; 
-  қадағалау  тапсырмаларының  нəтижесі  хатталып,  оқушының 
өзіне  де  (ішкі  кері  байланыс),  педагогқа  да  (сырттай  кері  байланыс) 
белгілі болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет