21.3. Педагогикалық сараптау технологиясы
Педагогикалық сарап мақсаты – бұл мұғалімдердің оқу-тəрбие
қызметінің тиімділігін шынайы анықтап (диагностикалап), оның
нақты бағасын шығару. Ал мұғалімнің педагогикалық деңгейіне
берілетін баға ол оқытып, тəрбиелеп жатқан шəкірттердің оқу іс-
əрекеттерінің нəтижелілігіне байланысты болатыны əбден түсінікті.
Осыдан мұғалім бағасы мен шəкірт тəлім-тəрбиесіндегі нəтижелілік
көрсеткіштері ажыралмас бір процестің екі тарапы. Біріншісі –негізі
сабақ болған білім беру, оқыту процесінің тиімділік деңгей бағасы, ал
екіншісі – нəтиже, яғни оқушының оқудағы үлгерімі (дамуы) мен
тəртіптілік дəрежесіне берілетін баға.
Мұғалім еңбегін бағалауға қойылатын жалпы талаптар екі өлшем-
шекке (критерийге) негізделеді: нəтижелілік өлшем жəне процестік
өлшем.
Достарыңызбен бөлісу: |