Алғашқы кезеңде білім мекемесінде Педагогикалық кеңес
қаулысымен сараптау комиссиясы түзіліп, оны сол мекеме басшысы
бекітеді.
Сараптау жөніндегі Ережеге сəйкес мұғалімнің (педагогикалық
қызметкердің) сараптан өтуіне қажет жеке құжаттары дайындалады:
сарапқа түсу жөніндегі арызы, біліктілік көтергені жөніндегі құжаттар
көшірмесі, бақылау- қадағалау не басқа біліктілік жұмыстарын
орындағаны туралы эксперттік комиссия шешімі, сараптау парағы,
білім беру мекемесі басшысының бұйрығынан көшірме.
Екінші біліктілік категориясын алу үшін мұғалім мектеп сараптау
комиссиясына , бірінші категория үшін – аудандық комиссияға,
жоғары категория үшін – аймақтық, облыстық комиссияға арыз береді.
Екінші кезең- мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кəсіби
қызметінің нəтижелілігін бағалауды ұйымдастыру;
Достарыңызбен бөлісу: |