-
игерілген білімдерді пайдалана білу (сауатты жазу, есептеу
жəне т.б.);
-
табиғат жəне қоғамда жүріп жатқан оқиғалар мен
құбылыстардың мəнін түсіну;
-
оқушының дербестігі, өз бетінше іс-əрекет жасау дəрежесі;
-
оқуға, білім жинақтауға байланысты ізденіс, ептілік мүмкіндігі;
-
тапсырылған іске жауапкершілігі, мектептегі тəртіп ұстанымы,
қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділігі, эстетикалық жəне тəн-дене
мəдениетіне орай талғамы.
Əрине, оқу-тəрбие жұмыстарының оқушы арқылы көрінетін
нəтижелері мұғалім қызметін бағалауда қажет-ақ, дегенмен, олармен
шектелу шынайылыққа нұқсан.
Сондықтан, мұғалімнің өз педагогикалық қызметін белгілі
дəрежеде орындап баруы үшін үнемі, тынымсыз жүргізетін іс-əрекет
процесін ескерген де жөн. Бұл тұрғыдан назар аударарлық ұстаз
əрекеттері; яғни
процестік өлшем- шектері:
-
мұғалімнің өз біліктілігін көтеру жұмыстары;
-
өткізетін сабақтарының сапасы, оқу жəне тəрбие жұмыстары;
-
оқыту жəне тəрбиелеу барысында əр оқушыға жекелей қатынас
жасаудағы мұғалім ептілігі;
-
ата-аналармен жұмыс, бала тəрбиесіне байланысты отбасыға
педагогикалық жəрдем ұйымдастыра білу.
Мұғалімдерді сараптау үш кезеңмен жүргізіледі:
Достарыңызбен бөлісу: