тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді
жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар
бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе
негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан
шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар
сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми
білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі
ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген