Педагогика – күрделі ғылым. Басқа ғылымдар сияқты ол нақты
жағдайлар жəне ережелерді өрнектеумен шұғылданбайды. Бұл ғылым
педагогикалық қатынастардағы басты құбылыстарды айқындап,
педагогикалық процесс себептері мен салдарын нақтылайды.
Шəкірттің көп түрлі өмірлік жағдайларын ол жалпыланған
түсініктерге, теориялық тұжырымдарға келтіреді.
Ғылыми топшылаулар артында тұрған мектеп өмірі шындығын
кейде байқай бермейміз. Дегенмен, педагогиканың бір ғана жалпы
қорытындысы мыңдаған нақты ситуацияларды түсіндірудің көзіне
айналады. Теорияны жақсы меңгерген маман орасан көп санды нақты
деректер мен мысалдарды жаттап, есінде сақтаудан құтылады. Ал,
қабылдаған теориясын тəрбиеге байланысты болып жатқан
оқиғалардың бəрін байыппен түсіндіруге қолданады.
Сіздің оқу жылдарыңыз педагогика дамуындағы күрделі де
қайшылықты кезеңге тура келіп тұр. Педагогикалық екі бағыт
текетіресі, яғни əміршіл-əкімшіл жəне гуманистік оқу-тəрбие
бағыттарының тайталасы белең алуда. Бірінші бағыт мұғалім
үстемдігіне негізделген, ал екіншісі - мұғалім мен оқушыны
педагогикалық процестің тең құқықты қатынасшылары ретінде
таниды. Əміршіл-əкімшіл педагогиканың тамырлары қаншама тереңге
бойлағанымен , əлемдік педагогика гуманистік тəрбие бағытын қалап
алды. Қолыңыздағы қазақ тілінде алғашқы жарық көрген дəрісбаяндар
тобында бұл бағыт оқу-тəрбие процесінің барша кезеңдеріндегі
мұғалім мен оқушылар арасындағы жаңа қатынастар, олар арасындағы
түсіністіктер мен бірлікті қызметке байланысты толық сипатталған.
Оқу құралы өте ықшамды құрастырылған. Оның беттерінен Сіз оқу
тəрбие процесінің мəнін, мазмұнын, ұйымдасу жəйттерін түсінуге
қажет болған негізгі педагогикалық тұжырымдарды игересіз. əр
тақырып бөлімдері бойынша өзіндік тексеріске арналған сұрақтар,
тапсырмалар берілген. Білімдер қоры қосымша кітапта плакаттар,
таблица, схемалармен жабдықталған. Олар басты түсініктер мен
терминдерді саналы жаңғыртуға, негізгі тұжырымдар мен өткен
материалдардың құрылымдарын жылдам еске түсіру үшін, күрделі
байланыстарды түсініп, оларды жүйелестіру жəне бекітуге жəрдем
береді. Таныс болыңыз.
Оқуыңыз жемісті болсын!
Авторлар.
Достарыңызбен бөлісу: