1.1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға
болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп,
оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие
жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті
кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым
қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз
атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу
дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала
Достарыңызбен бөлісу: |