1.2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші
қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге
пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ
тəрбиеленген. Адамдардың ол жөнінде тіпті хабары да болмаған.
Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия басқада ғылым
салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы
алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде
аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе
жатқан əулиетке берген тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам
немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тəрбие тəжірибесін
топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу- тəрбие мекемелерін
ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған
елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді,
одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам
жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын,
алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге
келді.
Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында
шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп
келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық
қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық
тəрбие
жүйесінің
бесігі – ежелгі
Греция
философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-
370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын
жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек
айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып,
болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі
тəрбиеге көбірек тəуелді».
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар
мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.),
Достарыңызбен бөлісу: |