Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К


игеру,  тəрбиелеу  жəне  дамыту  міндеттерін  іске  асыруға



Pdf көрінісі
бет72/244
Дата02.01.2022
өлшемі1.76 Mb.
#452896
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244
Жалпы педагогика 2005

игеру,  тəрбиелеу  жəне  дамыту  міндеттерін  іске  асыруға 
бағытталған  оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  мақсат  бағдарлы 
өзара байланысты іс -əрекет». 
Оқу  процесі  екі  тарапты  сипатқа  ие.  Оның  құрамы  өзара  табиғи 
байланыстағы  екі  түрлі  əрекеттен  тұрады:  оқыту – мұғалімнің  оқу 
материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері 
жəне  оқып  үйрену – білім  меңгеру  мақсатындағы  оқушының  іс-
əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік – бірлікті іс-
əрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.  
Оқу  негізінде  мұғалім  үшін  осы  процесс  мазмұнының  базалық 
бірліктері  болып  есептелетін,  əрі  оқушылар  тарапынан  игерілуі  тиіс 
өнім ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.   
Оқып-үйренудің  аса  маңызды  элементі – сеп-түрткілер  (мотивтер). 
Қандай  да  оқу  əрекеттерін  не  тұтастай  оқу  істерін  орындай  отырып, 
оқушы  осы  сеп-түрткілерді  басшылыққа  алады.  Оқуға  қызықтыратын 
мотивтер түрі көп, əрі сан қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес 
ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының 
білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой əрекеттеріне ынталандырушы 
сеп-түрткілер  қатарында  танымдық  қызығулар  мен  қажеттердің 
маңызы  ерекше.  Бұлардың  жоғары  деңгейде  дамуы  үшін  шынайы 
ғылыми 
мазмұн 
жəне 
педагогикалық 
мақсат 
бағдарында 
ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет