Литература и средства обучения 1 Основная литература



Pdf көрінісі
бет35/71
Дата02.01.2022
өлшемі327.26 Kb.
#453173
түріЛитература
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
ПРОПЕДЕВТИКА ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ И СЕСТРИНСКОЕ ДЕЛО В ТЕРАПИИ

№ 1 практикалық сабақ

Науқасты  сұрастыру – науқас  туралы  жалпы  мəлімет,  шағымы,  ауру  жəне  өмір 

анамнезі. Оқытушымен бірге білім алушылар науқас төсегінде науқасты жалпы қарап 

тексеру,  пальпация,  перкуссия,  аускультация  жүргізу,  жағдайын  бағалау.  Науқасты 

əртүрлі  зертханалық  жəне  аспаптық  зерттеулерге  дайындау  ерекшеліктері.  Зертте-

уге материалдар алу техникасы. Зертханаға жолдама ресімдеу жəне материалдарды 

жеткізу.


3 бөлім Арнайы бөлім

3.1  тақырып  Тыныс  алу  ағзаларының  ауруларымен  сырқаттанған  науқас-

тарды тексеру əдістері

Сұрастыру. Негізгі шағымдары жəне олардың пайда болу механизмі, құрғақ жəне 

қақырықты жөтел, интенсивті немесе əлсіз, үнемі немесе ұстама тəрізді жөтелдер, 

пайда болу уақыты, пайда болу жағдайы жəне жөтелді тоқтату түрі.

Қақырық, пайда болу уақыты, түрі, түсі, мөлшері, консистенциясы, иісі, қан арала-

суы. Қан түкіру, өкпеден қан кету.

Кеуде тұсының ауырсынуы-үдемелігі, сипаты, таралуы, жөтелмен жəне тыныс алу-

мен байланысы. Демікпе – сипаты, пайда болуы, ұзақтығы. Демікпенің түрлері.

Қызу көтерілуі, терлеу, қалтырау. Температуралық қисықтың түрлері.

Дауыс өзгерісі. Дыбыс шықпай қалуы (афония), дауыстың қарлығуы. Мұрынмен 

дем алудың бұзылуы. Диагностикалық мəні.

Қарап  тексеру.  Науқастың  мəжбүрлік  қалпы.  Тыныс  алу  түрлері:  мұрынмен,  ау-

ызбен, еркін жəне қиналып дем алу. Орталық көгеру, оның патогенезі.Кеуде пішіні: 

нормостениялық,  астениялық,  гиперстениялық.  Кеуденің  патологиялық  пішіндері 

(эмфиземалық, паралитикалық, рахиттік, шөлмектəрізді, «ладья» тəрізді). Бұғанаасты 

жəне бұғанаүсті шұңқырларының айқындылығы. Кеуденің симметриялығы (томпай-

ып шығып тұру, ішке қарай кіріп тұру, бір жаққа қарай қисаю). Омыртқаның қисаюы: 

лордоз, кифоз, сколиоз, кифосколиоз.

Тыныс  алу  түрлері:  кеуделік,  құрсақтық,  аралас.  Тыныс  алу  қозғалысының 

симметриялығы,  қосымша  бұлшықеттердің  тыныс  алуға  қатысуы.  Тыныс  алудың 

бір  минуттағы  жиілігі,  тереңдігі  жəне  ырғақтығы.  Тыныс  алу  тереңдігі  мен 

ырғақтығының  бұзылуы:  Куссмауль  бойынша - терең,  Чейн-Стокс – аритмиялық 

жəне Биот тынысы, ентікпенің объективті белгілері. Диагностикалық мəні.

Пальпация.  Кеудені  пальпациялау  əдістемесі.  Ауырсыну  аумақтарының  пайда 

болуы.  Кеуденің  резистенттілігін  анықтау.  Дауыс  дірілін  анықтау.  Диагностикалық 

мəні.


Перкуссия. Салыстырмалы перкуссия, оның ережесі. Қалыпты жəне патологиялық 

жағдайларда  перкуторлық  дыбыстың  кеуденің  симметриялық  бөліктерінде  өзгеру 

түрлері  (анық  өкпелік,  дабыл  үніне  ұқсас,  қорапты,  тұйықталған-дабылды). 

Диагностикалық мəні.

Топографиялық перкуссия. Кеуденің топографиялық сызықтары. Өкпенің жоғарғы 

шекарасын  анықтау:  өкпе  ұшының  биіктігін  алдынан,  артынан  анықтау.  Өкпенің 

төменгі  шекараларын  анықтау  жəне  өкпенің  төменгі  жиегінің  қозғалғыштығын 



16

анықтау, өзгеру себептерін анықтау. Диагностикалық мəні.

Аускультация.  Өкпені  аускультациялау  əдістері.  Негізгі  жəне  қосымша  тыныс 

шулары,  олардың  пайда  болу  механизмі  жəне  диагностикалық  мəні.  Везикуляр-

лы  тыныс,  оның  əлсіреуі  немесе  күшеюі.  Бронхиалды  тыныс  жəне  оның  түрлері. 

Диагностикалық мəні. Сырылдар, олардың пайда болу механизмі. Құрғақ сырылдар – 

төмен тембрлі (бас), жоғары тембрлі (дискантты). Ығалды сырылдар: ұсақ-, орташа- 

жəне үлкенкөпіршікті, ашық жəне ашық емес. Сырылдардың орналасуы жəне тара-

луы.  Крепитация.  Плевралардың  үйкелесу  шуы.  Қосымша  тыныс  шуларының 

диагностикалық мəні. Бронхофония, оны анықтайтын əдістемесі. Оның тыныс алу 

жүйесі ауруларындағы диагностикалық мəні.

Тыныс алу ағзаларын зерттеудің қосымша əдістері.

Қақырықты зерттеудің зертханалық əдістері, плевра қуысының сұйықтығын қарап 

тексеру. Зерттеудің аспаптық əдістерінің диагностикалық мəні: өкпе рентгеноскопи-

ясы жəне рентгенографиясы, томографиясы, компьютерлі томографиясы, бронхоско-

пиясы. Өкпенің жəне плевралардың биопсиясы.

Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу: спирометрия, спирография. Плевмотахоме-

трия жəне пневмотахография туралы ұғым. Функциональдық зерттеудің тыныс алу 

жеткіліксіздігін анықтаудағы мəні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет