жоқ, түн жоқ жүріп келеді. Ол әңгіменің о жақ, бұ жағынан бір шығып отыр.
§70. Бір мезгілде немесе бір-біріне ұласа болған істі білдіретін, салаласа
құрмаласқан жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады: Итбай мен Горбунов
дойбы ойнап отыр еді, терезеден айғай шықты (С.Мұқанов). Қартайдық, қайғы
ойладық, ұлғайды арман (Абай). Тас еді, шаң еді, азап еді, кір еді, енді, міне, мыс
болып жүріп кетті, күміс болып кейін оралады (Ғ. Мүсірепов).
§71. Мағына жағынан іліктес болғанмен, азды-көпті бөлектеніп тұратын,
көбінесе өз ішінде үтірлері бар жай сөйлемдердің арасына нүктелі үтір
қойылады. Мысалы: Сүйінбай: «Кедей жұртының тілін жақсы ұғын; өзіңнің
әдемі жырыңмен тек халқыңа ғана қызмет ет; шыңырау құдықтың терең
түбінен су алғандай, жырыңды жүрегіңнің терең қойнауынан шығар!» – деді
(Жамбыл).
Қазақстан өлкесі
Нелер зауыт салынған;
Неше жылғы көмбенің
Тыныштығы алынған;
Байлығы теуіп сыртына
Жондарынан жарылған;
Отан үшін кажеттің
Бар керегі табылған (Н.Байғанин).
§72. Ал, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, сондықтан деген жалғаулықтар
сөйлем басында келіп, олардан кейін оқшау сөздердің бірі тұрса,
жалғаулықтардан сон үтір қойылады. Бірақ ол жалғаулыққа байланысты
қойылған үтір болмайды, оқшау сөздің алдынан қойылған үтір болады.
Мысалы: Бірақ, шынында, олай емес-ті, Сережка адастырмайтын
(А.Фадеев). Ал, шырақ, әңгімеңді айта бер. Дегенмен, сайып келгенде, еңбек
адамымен ұғысу да, достасу да,сырласу да оңай орайласатыны анық
(М.Иманжанов).
Достарыңызбен бөлісу: |