Қазақ тілінің пунктуациялық


«Арыстанның жалындай бұйра толқын



Pdf көрінісі
бет44/44
Дата16.01.2022
өлшемі0.88 Mb.
#454607
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Тыныс-белгі-ереже

«Арыстанның жалындай бұйра толқын 

Айдаһардай толғанды» сүңгіп, қалқып (С.Мұқанов).  

 

Қабаттаса қойылатын тыныс белгілер:  

 

§153. Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім екенін 

білдіру  үшін  редакция  деген  сөз  немесе  автордың  әріптерден  қысқартылып 

көрсетілген  аты-жөні  (инициалы)  қойылады.  Ондайда  қыстырмадан  кейін 

нүкте  мен  сызықша  қойылып,  автордың  қысқартылған  аты-жөні  немесе 

редакция  деген  сөз  бас  әріппен  жазылады  да,  жақша  жабылады:  Шоқан 

Уәлиханов Қашқарда қалай тұруы туралы былай дейді: «Қашқардың және Алты 

шаһардың  ғұрпы  бойынша,  шет  мемлекеттен  бұл  елге  келгендер  үйленуге 

міндетті. (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. – С.М.). Кіші 

Бұхара  (Қашқария  –  С.М.)  имам  Ханифке  (мұсылмандар  дүниесіндегі  төрт 

мәзһәптің, орысша сектаның біреуі. – С.М.бағынғанмен, ...бұл арада уақытша 

үйлену толық күшінде екен». 

§154. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу тәртібіне қарай әуелі төл сөз, одан 

кейін автор сөзі келгенде, төл сөз екі жағынан тырнақшаға алынады да автор 

сөзінен бұрын, төл сөз болып тұрған сөйлем хабарлы болса, үтір мен сызықша; 

лепті  болса,  леп  белгісі  мен  сызықша;  сұраулы  болса,  сұрау  белгісі  мен 

сызықша қойылады. Сондай-ақ көп нүкте мен сызықшада қойылады. Мұндайда 

үтір тырнақшаның сыртына қойылады, ал сұрау, леп белгілері және көп нүкте 

тырнақшаның ішіне қойылады: 

«Мұны мен бұрын бір жерден көрдім», – деп ойлады ұста. 

«Мұның кім екенін қайтсем де білуім керек!» – деп өзіне серт берді ұста. 

«Бұл кім болды екен, әлде...»– деп ойлай бастады ұста. 

§155.  Бірыңғай  мүшелер  мен  олардан  кейін  келетін  жалпылауыш  сөздің 

арасында қыстырма сөз (не қыстырма тіркестер мен сөйлем) тұрса, қыстырма 

сөзден  бұрын  сызықша,  соңынан  үтір  қойылады.  Мысалы:  Электр 

станциясының салынып біткен мерекесіне арналған митингіге жас та, кәрі де, 

оқушылар да, бөбектер де – қысқасы, ауыл адамдарының бәрі тегіс келді. 

§156.  Бірыңғай  мүшелерден  бұрын  тұрған  жалпылауыш  сөзден  кейін 




мысалы, атап айтқанда деген сөздер келсе, олардың алдарынан үтір, соңынан 

қос нүкте қойылады. Мысалы: Бірсыпыра ірі өзендеріміз, мысалы: Лена, Обе, 



Енисей  –  Солтүстік  мұзды  мұхитқа  құяды.  Адам  баласының  тамаша 

қасиеттері,  атап  айтқанда:  табандылық,  ерлік,  қайсарлық  –  оның  бойынан 

табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет