Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата16.01.2022
өлшемі0.88 Mb.
#454607
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Тыныс-белгі-ереже

Ескертулер:  Салаласқа  енген  жай  сөйлемдердің  арасында  және 

жалғаулығы тұрса, үтір қойылмайды.  Мысалы: Үйге берілетін тапсырмаларды 

оқушылар  өз  беттерімен  орындай  алатын  болсын  және  ол  жаттығулар  үлкен 

болмасын. Бұл биенің құлыны да өзіне тартқан бурыл болады және бұл бие ерте 

құлындайды (С.Мұқанов). 

Бірақ,  өйткені,  сондықтан,  дегенмен,  алайда,  әйтсе  де,  ал  деген 

жалғаулықтар  жеке  сөйлемнің  басында  келсе,  олардан  соң  үтір  қойылмайды. 

Кейде  бірақ, дегенмен, алайда жалғаулықтары  жеке  жай  сөйлемнің  ортасында 

келулері мүмкін. Онда да алды-артынан үтір қойылмайды. Мысалы: Асқар ұзақ 



уақыт  ұйықтай  алмады.  Бірақ  жатқан  қалпынан  тырп  етіп  қозғалған  жоқ 

(С.Мұқанов). Сондықтан да соңғы бір-екі күн бойында Татьянаны ақын өз елінің 



тілімен сөйлете бастап еді (М.Әуезов). Анық-ақ көрген кісім. Ал сонда қайда 

көрдім.  Сүйген  қызымды  қолтықтап,  мен  өз  елімнің  кең  көшесінде  аяғымды 

алшақ  басамын.  Алайда  айналамда  не  болып  жатқанына  көзімді  жұма 

қарайтын парықсыз, тоғышар жан мен емес (М.Иманжанов). 

 

§76.  Құрмаласқа  енген  алғашқы  екі-үш  немесе  одан  да  көп  сұраулы 



сөйлемдердің  арасына  сұрау  белгісі  емес,  үтір  қойылады:  Қарт  үнсіз  тұрып 

қалған  екі  жас  сөйлессін  деді  ме  әлде  жылқыны  аралап  қайтқысы  келді  ме, 

Борашқа иығын көтерді де, ылдиға қарай жорта жөнелді (М.Иманжанов). Сам 

жамырай бастағаны ма, жоқ, батар күннің жауын бұлты арқылы себездегені 

ме,  әйтеуір,  батыс  жақта,  көкжиек  үстінде  сарғыш  мұнар  сәуле  бар 

(М.Әуезов). 

§77. Сабақтаса құрмаласқан жай сөйлемдердің  араларына, негізінен, үтір 



қойылады. Мысалы: Сол жылы Есіл мол тасып, жаз жаңбыр да жауып, егін мен 

шөп  тамаша  көп  шықты.  Ойы  ұнамды  шыққасын,  Ботагөз  куанып  кетті. 

(С.Мұқанов). Білсең, отыр (Ғ.Мүсірепов). Баймағамбет тұрып есікті ашқанда, 



ар жағында тыстан қайтып келе жатқан Әйгерім көрінді (М.Әуезов). Жердің 

үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соның жолдасы болайын деп, 

жолын тосып жүрген адаммын («Ер Төстік» ертегісінен). 

§78.  Бағыныңқы  сөйлем  басыңқының ортасында  келсе,  үтір  екі  жағынан 

қойылады. Мысалы: Абай, Әбдірахман атқа мінетін болған кездеүйден бірге 

ере  шықты.  Оспан,  Жиренше  қой  деген  сайын,  сақ-сақ  күліп,  иттерін 

өшіктірді.  Ол  бұл  жерге,  Абайды  керек  еткен  адвокат  келсе,  не  тергеуші 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет