Нүкте
§1. Нүкте хабарлы сөйлемнен кейін қойылады. Хабарлы сөйлемдер
толымды, толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді.
§2. Құрмалас сөйлемнің сыңарлары екіге бөлініп, кейінгі сөйлем бірақ,
алайда, дегенмен, сондықтан, сол себепті т.с.с. жалғаулық шылаулардан
басталса, олардың алдынан нүкте қойылады: 1) Жүгіріп басып Күләнда келеді.
Артынан дауыс шықты. Бұрылып қарады (С. Ерубаев).
2) Аспанда алақандай
бұлт жоқ. Қазір тал түс. Жер беті аппақ (Ғ.Мұстафин).
3) Жалма-жан тура
сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен (Б.Майлин).
§3. Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдер
жайылма түрінде келсе, әр сөйлемнен кейін нүкте қойылады:
Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ. химиялық қасиеттері болады:
1) Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін
бұзады.
2) Сілтілер майларды сабынға айналдырады.
3) Сілтілер ертінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі өзгереді
(«Химия» оқулығынан).
Достарыңызбен бөлісу: