«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың жинақтау (трансформациялық)
қызметінің орындалуы.
Навигатордың иллюстрациялық бөлігі – бұл дыбыстық және анимациялық
көріністер, қозғалмайтын суреттер (фотографиялар және суреттер), қозғалмалы суреттер
(мультипликация және видео), гипермәтін. Мәтінмен жұмыс жасау тек айту, көрсету ғана
емес, сонымен бірге мультимедиялық технология арқылы модельдеуде қарастырылған.
Кез келген мәтіндік материал белгілі бір көріністерге байланысты және процесті басқару
барысында, кез келген сәтте, оған назар аудармай экранда оны мысалдар негізінде
түсіндіруге болатындай етіп берілген.
Навигатор мұғалімге өзінің педагогикалық іс-әрекетінің оң нәтижесін көру үшін,
кез келген әдістемелік амал-тәсілді, өзінің тәжірибесін қолдануға мүмкіндік туғызады.
Терминологиямен жұмыс жасау әрекеті жоғары деңгейге қойылған. Оқулық-
навигатордың мәтінінде терминдер мен түсініктер түрлі түстермен берілген, мысалы,
негізгі терминдер мен түсініктер көк түспен, ал қосымша – жасыл түспен. Бұл
оқушыларды анықтамалық аппаратпен жұмыс жасауға үйретеді. Негізінен барлық
түсініктер мен терминдердің мазмұны толығымен нақтыланған.
Достарыңызбен бөлісу: |