Ақпараттық қызмет пәнді оқып-үйрену кезінде меңгерілетін ақпараттың міндетті
көлемін анықтай отырып, білім берудің пәндік мазмұны мен пәнді оқып-үйрену кезінде
оқушылардың меңгеретін іс-қимыл түрлерін белгілеуден тұрады. Оқушының ұсынылған
тақырыптарды дұрыс және дәйектілікпен оқып-үйрену үшін, оқулықтың алғы сөзінде
берілген мәліметтермен жұмыс істеудің әдістемесі берілуі тиіс. Тақырыпқа сай берілген
көрнекілік мәліметтер оның мазмұнын толық ашуы қажет. Оқулықтағы теориялық
мәліметтерде шамадан тыс ақпарат берілмеуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |