«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың жүйелеушілік қызметінің
орындалуы.
«Навигатор» – оқыту, бақылау, бағалау, моделдеу бағдарламалар кешенінен
тұратын электронды оқулық. Ол тез арада мұғалім – ақпарат – оқушы – практика –
бақылау байланысын қамтамасыз етеді. Мұғалім мен оқушының уақытын үнемдей
отырып, қажет ақпараттарды шұғыл тауып беруге көмектеседі, ал қарапайым оқулықтарда
мәліметтердің көлемінің шектеулілігіне байланысты, бұл процесс қиынға соғады, уақыт
бойынша үнемсіз болады, кей кездері тіпті мүмкін болмайды. Навигатордағы ақпарат
ғылыми-сауатты үлестірілген, логикалық тұрғыда байланысқан, мазмұндық және
функционалдық маңызы бойынша топтарға оңтайлы топтастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |