Хабаршысы ғылыми журналы


Кіріктіру (интеграция) қызметі



Pdf көрінісі
бет114/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   180
Кіріктіру (интеграция) қызметі – оқушылардың әр қилы іс-әрекет барысында 
түрлі бастау көздерден алған білімдерін талғап, біртұтас түрде меңгерулеріне көмектеседі.   
Оқулықтағы ұсынылған материалдар, көрнекілік құралдар, жобалық жұмыстар
шығармашылық тапсырмалар пәнаралық және пәнішілік байланысты ескеріп дайындалуы 
қажет. Осы тұрғыда оқушыға оқулықта берілген қосымша ақпараттардағы білімдердің 
берілуі, басқа аралас ғылымдармен қаншалықты сабақтаса түсінуге көмектесетіндігін 
ескеру қажет.  
«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың кіріктіру (интеграция) қызметінің 
орындалуы.  
Мультимедиялық оқу құралында тапсырмаларды орындау барысында пәнаралық 
және пәнішілік байланыс ескерілген. Тапсырмалардың құрылымында қандай ғылым 
салаларымен байланысы бар екендігі және берілген тапсырманы орындау үшін қандай 
ғылым бойынша білім қажет екендігі айтылған.  
Дамытып-тәрбиелеу қызметі – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның негізгі 
қасиеттерін белсенді түрде қалыптастыруға бағытталған. Оқулықтағы мәліметтерде 
тәрбиелеудің төменде көрсетілген элементтері берілуі қажет:  
А) қоғамдық нормаларға сай адамгершілік түсініктерді, пікірлерді, сезімдер мен 
нанымдарды, мінез-құлық, әдет пен дағдысын қалыптастыруға бағытталған;  
Б) ғылыми білімдердің нақты көлемін игеруге, ғылыми дүниетанымды 
қалыптастыруға бағытталған;  
В) адамгершілік сапаларды тәрбиелеуге бағытталған (батырлық, жігерлілік, шешім 
қабылдау, тәртіптілік, жауапкершілік және ұжымшылдық сезім); 
С) еңбек әрекеттерін, еңбек құралдарын тану және оны пайдаланудың әдіс-
тәсілдерін үйретуге бағытталған;  
Г) қоғамдық-саяси тәрбие беруге, әсіресе, патриоттық сезімдерді қалыптастыруға 
бағытталған элементтер.  
Оқулықта, сонымен бірге видеосюжетте, тәрбие көрініс табуы керек. Оқулықтағы 
мәлімет тұлғаның ақыл-ой, адамгершілік, эмоционалды және  тұлғалық дамуына әсер етуі 
қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет