Хабаршысы ғылыми журналы


«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың дамытушы және тәрбиелеуші



Pdf көрінісі
бет115/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180
«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың дамытушы және тәрбиелеуші 
қызметінің орындалуы.  
Баланы ойлануға үйрету – күрделі жұмыс, өйткені 6-сыныпта оқитын баланың 
абстрактілі ойлауы енді қалыптасу үстінде. Навигатор оқушының образды ойлауының 
дамуына мүмкіндік беретін көп көлемде қызықты және таныс объектілерден, виртуалды 
лабораториялық жұмыстардан, эксперименттерден, тәжірибелерден, көрнекілік және 


таратушы материалдардан тұрады. Сонымен қатар, навигаторда аналитикалық 
әңгімелесуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеткілікті суреттер мен сызбалар 
қолданылады. Навигатордың жүйесі оқушылардың өз бетінше оқу әрекетінің мақсаттары 
мен міндеттерін анықтауға, негізгі ақпатараттарды бөлуге, өзінің ойын жеткізе алу 
қабілетін дамытуға, дәлелдеуге, өзін бағалауға, сабақта берілген материалды саналы 
түсінуге мүмкіндік береді.  
Сонымен, қадірлі әріптестер, біздер «Биология» пәні бойынша (В.И. Сивоглазов 
және т.б.) «Навигатор» ОӘК-ні талдауы негізінде оның оқулық атқаруға тиісті 8 
қызметінің қалай жүзеге асырылғандығын көрсетуге тырыстық.  
Қортындылай келе, талдау нәтижесі көрсеткендей, сапалы отандық оқу әдебиетін 
жасау үшін төмендегі іс-әрекеттер іске асырылуы керек [3]:  
-  оқу әдебиеттерінің авторларын дайындау, яғни, авторлар «Оқулықтану» 
ғылымының негіздерін игеруі қажет;  
-  теориялық және практикалық сараптама жүргізу үшін критерийлер жүйесін жасау 
керек, яғни, оқу әдебиетін құрылым мен атқаратын қызметтерінің сапасын 
анықтайтын сараптамалық жүйе керек;  
-  теориялық және практикалық мониторинг өткізу үшін сарапшыларды дайындау, 
яғни сарапшылар «Оқулықтану» ғылымының негізін біліп, оқулықтың қызметі мен 
құрылымын бағалаудың барлық критерийлерін игеру қажет. 
Сөзімді қорытындылай келе, сіздерге Қазақстандағы Педагогикалық ғылымдар 
Академиясы сапалы отандық оқу әдебиеттерін дайындау мақсатында Қ. Жұбанов 
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен өзара тиімді ынтымақтастық 
негізінде бірге әрекет етуге дайын екендігін айтқымыз  келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет