Хабаршысы ғылыми журналы


«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың өздігінен білім алу қызметінің



Pdf көрінісі
бет113/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180
«Навигатор» ОӘК-і негізінде оқулықтың өздігінен білім алу қызметінің 
орындалуы.  


Оқулықтың кіріспе бөлімінде оқулықпен жұмыс жасаудың нақты нұсқаулары 
берілген. Әр параграфтың соңында өз бетінше орындайтын үй тапсырмаларының тізімдері 
көрсетілген. Оқулық-навигаторда ақпараттар нақты құрылымдалған, нақтыланған және 
дәйекті мазмұндалған, интернет-сайттарға навигациялық сілтемелер берілген. Сонымен 
қатар, оқулық-навигаторда, оқу мәліметтерінің көрнекіліктері жоғары сапада
иллюстрациялар бейнелі және ғылыми тұрғыда, объектілер мәнерлі, анимациялар, 
бейнефильмдер қызықты, слайд-шоудың әртүрлілігі, тұспалдау аппаратының тиімділігі 
ескерілген. Мұның барлығы оқу процесін қызықты және нәтижелі болуына әсер етеді.  
Навигатордың құрылымы оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына әсер 
етеді, тұрақты жоғары деңгейдегі қызығушылықтар мен өздігінен жұмыс жасау 
дағдыларын  қалыптастырады. Мәтіндерде қысқартылған және түсініксіз сөздер 
берілмеген. Ақпараттар нақты, дәлелденген және ағымдағы уақытқа сәйкес берілген. 
Экранның жоғарғы бөлігінде «көмек» ыңғайлы орналасқан, мысалы тақырыптың немесе 
оқулықтың  мазмұнына қайтып бару үшін тышқанның көмегімен «қайта оралу» сілтемесін 
басу қажет. Сілтеме өте оңтайлы орналасқан – экранның төменгі және жоғарғы 
бөліктерінде. Тараудың қосымша бөлімінде қосымша сабақтарға қажет және ыңғайлы 
жұмыс жасауға интернет сайттарынан тұратын көмекші ақпараттар берілген.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет