Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет116/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   180
 
Әдебиеттер 
1.Құсайынов А.Қ., Асылов Ұ.Ә. Оқулықтану, өзекті мәселелері. – Алматы, 2000. – 144 б. 
2.Сивоглазов В.И., Захаров В.Б. Биология, многообразие живых организмов. Учебник-
навигатор. – М., 2011. – 203 с. 
3.Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы. – Алматы, 2013. – 
196 б. 
 
 
ОӘЖ: 316324 8:37.012(045)                        
 
ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ҚОҒАМДАҒЫ БІЛІМ ПАРАДИГМАСЫ 
 
Албытова Н.П. 
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана 
 
В статье рассматривается, что переход от одного общества – индустриального 
– к постиндустриальному сопровождается радикальными изменениями в сфере 
образования, изменения отношения к труду и смена парадигм учения. 
The article considers with the transition from one society - industrial to the 
postindustrial. And it is accompanied by radical changes in education sphere, attitudes to work 
and changing teaching paradigms. 
 
Ключевые слова: постиндустриальное общество, постиндустриальная культура, 
инновационное обучение, парадигмы обучения, специфика инновационого обучения, 
ценностная парадигма. 
Key words: postindustrial society, postindustrial culture, innovation teaching, teaching 
paradigms, specifics of valuable paradigms, value paradigm. 


 
Қоғамның  индустриалды қоғамнан екінші – постиндустриалды қоғамға өтуі білім 
беру жүйесінде радикалды  өзгерістермен қатар жүреді. 
Кезінде өндірістік революция сауатты жұмысшыларды дайындауды қажет етті де 
оны қанағаттандыру үшін Я.А.Коменский негізін салған жалпыға бірдей білім беру негізі 
қаланды. Жалпылама мектептің (массовая школа) міндеттері білім алушылардың 
фабрикаларда жұмыс жасау дағдыдарын қалыптастырып, еңбектегі тәртіптілікке, 
тапсырмаларды уақтылы орындауға үйрету, сауат ашу (оқу, жазу, санау) болды, мұны 
Э.Троффлер жабық, бүркеме бағдарлама деп атайды. Ерлер мен әйелдер машина 
жанындағы немесе кеңселердегі бірсарынды қызметтерін ешбір ынтасы болмаса да 
атқаруға мәжбір болды [1]. Бұл жағдай ХХғасырдың орта шеніне дейін созылды. Енді өз 
кезегінде айтарлықтай дәрежеде жаңа класс – «интеллектуалды қызметкерлер» класы, 
басқаша айтқанда, «білімді адамдар класы» өсіп жетілді. 
Постиндустриалды мәдениетке көшу барысындағы еңбекке деген көзқарас өзгеше 
– жұмысшы өз еңбегінің нәтижесі мен табысынан лезде материалдық және рухани қанағат 
ала алады. Еңбекке деген қарым-қатынас жаңа типтегі жұмысшының еңбек арқылы өзінің 
не тұратындығын танытуы ретінде  көрініс таба бастады. Осылайша адам еңбек үдерісінде 
басты өмірлік қажеттілігінен қанағат тауып -  өмірдің мәнін түсінуде, яғни өмір мен еңбек 
ұласуда. Мәселен, бірнеше тілді меңгерген, компьютерде жұмыс жасау қабілеті жоғары 
математик, програмист, инженер, хатшы т.б. кез-келген мекемеге, оқу орындарына, 
өндіріске қажет-ақ. Ондай маман-компьютерші үшін жұмыс орны (университет, өндіріс 
орындары, мекемелер, т.б.) басты болып саналмайды, маман жақсы жалақы мен өзі 
қызығушылықпен атқаратын жұмысты таңдайды. Бұдан приоритеттер диаметриалды 
түрде өзгереді –жұмыс беруші жұмысшыға белгілі бір талаптар қоюмен шектелмейді
сонымен қатар жұмысты атқарушы да өз тарапынан атқаратын қызметі туралы 
шарттардың орындалуын талап етеді. Жұмысшылардың жаңа типінде жұмысқа деген 
қарым-қатынас тіпті де өзгеше. Олар білімді,  өзгермелі жағдаяттарға дайын, өз іс-
әрекетін ұйымдастыра білетін мамандар, оларға бақылаудың, еңбекке сырттай мотив 
тудырушы әрекеттердің (сыйақы, түрлі жолдамадар арқылы дем алдыру т.б.)  қажеті де 
жоқ [2]. 
Білім шын мәнінде капитал және негізгі ресурс болып табылатын қоғамда мектепке 
деген талап күшейеді, оның білім беру қызметі, жауапкершілігі артады. Бүгінгі таңда оқу 
(учение), оқыған адам (обученный человек) сөздерінің мағынасын қайта қарауға тура 
келеді. Мұнда оқу материалдарын меңгеру жолдары, педагогтардың білімді жеткізу 
тәсілдері айтарлықтай өзгеруге тиіс. 
Сондықтан қазіргі таңда инновациялық оқыту туралы көп айтылады – бір 
қарағанда, инновация да өзіне дәстүрлі оқытудан қажетін таңдап алады. Инновациялық 
және дәстүрлі, нормативтік оқыту терминдері мен идеяларын бір топ ғалымдар Римдік 
клубқа дайындаған баяндамаларында 1978 жылы ұсынған. Ғалымдар әлемдік ғалымдар 
қауымдастығына оқыту қағидаларының бүгінгі қоғам тұлғасын, танымын дамытуға сәйкес 
келмей жатқандығына назар аударту үшін қолданды. Баяндамада инновациялық оқыту 
тұлғаны өзгермелі қоғамға дайындау, шығармашылыққа бейімдеу, ойлаудың түрлі 
формаларын, сондай-ақ  қоғамдық ортада қарым-қатынасқа түсе білуге дайындау 
мағынасында қарастырды. Сонымен, инновациялық оқытудың спецификасы ретінде 
оқытуды болашаққа бағдарлау, құндылықтарды қастерлеу, бірлесіп қызмет атқару, жаңа  
жағдаяттарды меңгеру тәрізді сипаттарды атап өтуге болады[3, 303]. 
А.М.Новиков индустриалды және постиндустриалды қоғамдағы оқыту 
парадигмаларының негізгі компоненттерін құндылықтар, мотив, норма, мақсат, оқу 
үдерісіне қатысушылардың позициясы, формалар мен әдістер, құралдар, бақылау және 
бағалау деп белгілеп, салыстырма жасайды[3,304]. Бұл салыстырудан автордың 
педагогикалық үдерісте білім алушының субьектілігін, тұлғаға бағдарлануын, оқу 
мотивациясын тудыру басшылыққа алу мақсаты туындайды. 


Педагогикада «парадигма» сөзіне көптеген анықтама берілген, солардың бірінде 
«Парадигма- (гр.paradeigma- жіктелу,үлгі)- берілген теориалық әдістемелік білімдер 
саласындағы белгілі бір тарихи кезендегі ғылымдардың зерттеу тәжірибесі, соларға қарап 
ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер жүйесі. Ұғымды енгізген американ 
тарихшысы Т.Кун, ол ғылыми пәннің дамуында препарадигмалық кезеңді (Парадигма 
белгіленер алдындағы кезең) Парадигма- үстемдігі кезеңін, дағдарыс және ғылыми 
революция кезеңін (Парадигма алмасуы,яғни бірінен екіншісіне өту) анықтады»-деп 
түсіндіреді [ 4]. 
Постиндустриалды қоғамдағы оқыту парадигмаларын анықтау барысында 
педагогикалық үдерістің толықтай тұлғаға бағдарлануын басшылыққа алу қажеттігі 
туындайды. Өйткені қоғамды құрушы да, өзгертуші де – тұлға. 
Н.П.Баныкин «Семь лекций о живой этике» еңбегінде әлемдегі жағдайды былайша 
түсіндіруге тырысады: «Біз әлем халықтары бір поезда жолға шыққандаймыз. Әр вагонда 
орналасқандар өзінің орнын барынша әдемілеуде. Бірақ, өкініштісі - вагондағылар 
поездың қандай бағытта бара жатқанын білмейді. Осыдан түрлі түсініспеушіліктер, 
қарама-қайшылықтар, қантөгістер, адасуларға душар болып отырмыз. Сондықтан бізге өз 
бағытымызды анықтап алуға тура келеді. Дұрыс та анық жол – адамзат қол жеткізген 
құндылықтарға қайта оралу»-дейді [5 ]. 
Жастар тәрбиесін қолға алу, оларды құндылық парадигмалары негізінде тәрбиелеу 
қоғамдағы басты міндеттердің бірінен саналады. Педагогика тарихында осы міндеттердің 
шешілу жолы әр қырынан қарастырылған.  
Я.А.Коменский құндылықты шынайы даналық деп  есептеп, оның кез-келген 
жағдайды әділеттікпен шешуде көрінетіндігін, жас ерекшелігіне сәйкес баланың бойында 
ұқыптылық, әділдік, шынайылық, шыншылдық, еңбексүйгіштік т.б. қалыптастырумен 
қатар физика, оптика, астрономия, география, тарих, экономика, арифметика, сауат ашу 
ғылымдарының танымдық  құндылықтарының мәнін білуге ұмтылдырудеп түсіндірген[6].  
К.Д. Ушинскийдің пікірінше ресейлік мектептер бағдарға алатын құндылықтар 
Германия, Франция, Англияның, жеке партиялар мен  ғалымдар тобының  қажетін емес, 
халықтық қажеттіліктерді қанағаттандыруы керек К.Д. Ушинский [7].   
Н.В.Селезнев, Е.Н.Селезнев А.С.Макаренконың құндылықтар туралы 
тұжырымдарына талдау жасай келе, педагогтың оқушы бойында қалыптасуға тиісті 90-ға 
жуық құндылық түрлерін, оның ішінде бірінше кезекте еңбекке қабілеттілік, мінез-құлық 
мәдениеті, адалдық, шыншылдықты есептегендігін айтады [8].    
Мәселен, Токиодағы Цукуба университетінің бастауыш мектебінде 120 жылдан аса 
уақыт бұрын  анықталған мақсаттар әлі күнге дейін өзгермеген: 
1.  Өзін адам деп терең түсіне білетін бала тәрбиелеу. 
2.  Мәдениетті жалғастыратын, жасайтын және дамытатын бала тәрбиелеу. 
3.  Өзін Жапон азаматымын деп түсінетін бала тәрбиелеу. 
4.  Дені сау және белсенді бала тәрбиелеу [9,144]. 
«Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік 
құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды: 
1.  Ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы 
жолдарын ізде және тап; 
2.  Әдемілікті түсін, өзіңе сұлулық сезімін тәрбиелеу, жаның сұлу болсын, мейірімді 
бол, аяушылық білдіре біл; 
3.  Денің сау, төзімді, күшті бол» [9,152]. 
Білім парадигмасын әр мемлекеттің өз бетінше белгілегенімен, олардың барлығына 
ортақ құндылықтың болатындығын аңғаруға болады. Педагогикалық тұрғыда оқушының 
өзін-өзі жетілдіріп, дамуға мүмкіндік беретін, өмірі үшін пайдалы атаулының барлығы – 
құндылық. Олар құбылыстар мен фактілер, ой қорытындысы, заттар, обьект, уақиғалар, іс-
әрекеттер, идея, образ, ғылыми тұжырым т.б. түрінде болуы мүмкін. 


Қазақстан Республикасы егемендік алған уақыттан бергі кезде оқыту парадигмаларын 
анықтау, осы бағытта жұмыс жасау қолға алынды: авторлық мектептер, оқулықтар мен 
түрлі жобалар дайындалып, іске асуда. Педагогика тарихы мен ұлттық тәрбиеге шолу 
жасай келе бүгінгі кезеңдегі білім парадигмасында оқушыларды өмірге дайындауда еңбек 
тәрбиесі, дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиелерді заман талаптарына 
сәйкес бірлікте пайдалану жолданын іздестіру қажет. Ең бастысы – оқушыны ересектер 
еңбегіне дайындау:  еңбектің әлемді жасаушы мәнін түсіндіру, сананың еңбек нәтижесінде 
берік қалыптасатындығын, әр пәнде еңбек процесінде ынтымақтастық орната білу,  
ынтымақтастықсыз еңбек өнімінің болмайтындығын, еңбек арқылы жауапкершілік 
түсінігінің қалыптасатындығын,  бірігіп еңбек ету адамзат үйлесімділігінің айғағы 
болатындығын ұғындыру қажет.«Әлем әміршісі – Еңбек. Еңбек тәсілдерін меңгеру – 
ақыл-ойды қажет етеді, еңбек процесі дене шынықтырумен қатар жүреді, еңбекпен 
шыныққан дене - эстетиканың қайнар көзі.  
Демек, педагогикалық процесте құндылық парадигмасынеңбек тәрбиесі арқылы 
бағдарға алу   оқушыны постиндустриалды қоғамда өмір сүре білу өнеріне дайындайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет