In this article we consider a system of education quality assessment of Kazakhstan and
the general characteristic of national exams, international comparative studies and procedures
of the final certification.
Ключевые слова:
оценка, система, качества образования, процедуры оценивания,
национальный экзамен.
Key words:
evaluation, system, the quality of educatio, assessment procedures, the
national exam.
Соңғы 20 жылда бірнеше елдер өз білім жүйесінің жағдайына «тексеріс» өткізе
отырып, мониторинг үшін бағалаудың маңыздылығын, оқушылардың білім алуларын
жақсарту және сонымен бірге оқушыларды бағалау жүйесін құру қажеттігін мойындады.
Бүкіләлемдік банктің білім беруді бағалау бөлімінің танымал
маманы Маргарит
Кларк «оқыту болған жерде ғана қоғам үшін білімнің пайдасы зор» деп атап айтқан [1].
Бұндай процестер бұрынғы кеңес үкіметі аясындағы елдерде өте қарқынды жүріп
жатыр. Бұл елдерде білімнің сапасын бағалау жүйесіне бірнеше өзгерістер енгізуді қолға
ала бастады. Бұдан да басқа, халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуға белсенді
кірісіп кетті.
Елімізде білім сапасын бағалау жүйесінің тиімді жақтары ұлттық емтихандар
(қорытынды аттестация және жоғары оқу орнына түсу мақсатындағы), ұлттық
мониторинг, халықаралық салыстырмалы
зерттеулер, мектепішілік және классаралық
бағалаулар құрылымын құру үрдісі айқын байқалуда.
Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің мақсаты Отандық білім беру жүйесінің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мамандардың халықаралық білім кеңістігі мен еңбек
рыногында сапалы білім беруін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің ұлттық білім
сапасын бағалау жүйесін төмендегідей кестеде көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының ұлттық білім сапасын бағалау жүйесі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РМҚК
«Ұлттық
тестілеу
орталығы»
ММ «Білім және
ғылым
саласындағы
бақылау
комитеті»
Облыстық білім
саласындағы
бақылау
департаменті
РМҚК «Ұлттық
білім беру
статистикасы
және бағалау
орталығы»
АҚ «ТжКББ дамыту
және біліктілік
тағайындау
республикалық
ғылыми-әдістемелік
орталығы»
РҰК «Болондық үрдіс
және академиялық
жұмылдыру орталығы»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұлттың зияткерлік
әлеуетін дамыту,
бәсекеге қабілеттілікті және орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуді
қамтамасыз ететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады
және іске асырады.
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті білім саласында бірыңғай
мемлекеттік саясатты
қалыптастырып, мемлекеттік бақылау және ғылыми кадрларды
даярлау сапасын арттыру, бірыңғай ұлттық тестілеуді, оқу жетістіктерін сырттай
бағалауды ұйымдастыру және өткізу, білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім
беру мониторингін жүргізу және бағалаумен айналысады. Білім саласындағы облыстық
бақылау департаменттері Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің
құрылымы. Жергілікті атқарушы органдар мен облыстық білім басқармаларының негізгі
міндеті - сапалы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру болса, департамент міндеті - осы
сапаның орындалуын бақылау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: