Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет126/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180
Литература 
1.  Программа по русскому языку для общеобразовательных учреждений с 
таджикским языком обучения (2-11 классы). – Душанбе, 2008. – С.5. 
2.  Коммуникативность обучения – в практику школы: Из опыта работы: Кн. для 
учителя / Под ред. Е.И. Пассова. – М., 1985. – С. 9.  
 
 
ӘӨЖ 159.9 Ө44                                                                                      
 
ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРГЕ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПӘН 
 
Өмірбаева К.О. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
 
В данной статье говориться о формировании гармонии в жизни личности через 
предмет «Самопознания». А  также о проведенных мероприятиях  и работе,  связанной с 
воспитанием и формированием  гармонии в жизни личности. 
This article shows about the formation in the life of person through the subject Self-
knowledge. Also this shows the activities and work-related education which related with  the 
formation of harmony in the life of the individual. 
 
Ключевые слова:  образование, личность, воспитание, жизнь, гармония. 
Keywords:  education, personality, upbringing, life, harmony
 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында 
«Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға 
ретінде тәрбиелеу аса қажет... Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, 
білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» 
дегені мәлім. ХХI ғасыр шәкірті өзінің бар болмысымен адамзат проблемасын шешетін, 
жауапкершілігі мол, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін, мәдениетті тұлға болмақ.(1,7) 
ХХI ғасырда адам санасы шарықтап дамып, техниканың жедел қарқынымен 
жетілуі осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, мәдениетті, өзгермелі 
уақыттың түрлі жаңалығымен тең басатын өмірге үйлесімді маман дайындау барлық  оқу 
орындарының өзекті мәселесі болып отыр. 2002 жылдан бастап «Өзін – өзі тану» пәні 
жеке тұлғаның жан дүниесін байытуда өмір әдебінің биік шыңдарына жеткізіп, өз 
жетістіктерін көрсетуде.  
Жоғары оқу орындарында «Өзін – өзі тану» пәні – өз алдына жеке ғылыми пән. Бұл 
пән басқа пәндермен өзара байланыста оқытылып, студенттердің рухани – адамгершілік 
құндылықтарын, өмірге үйлесімді мінез – құлқын қалыптастырады. «Өзін – өзі тану» пәні 


– тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы отандық және 
шетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психология саласындағы ізгілікті 
дәстүрлері мен ой – пікірлерін үйретуге арналған. (2,28) 
«Өзін–өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасынан дәріс 
берушілерге С.А.Назарбаева өзінің тілегін былай жеткізеді: «Баланың бойындағы 
қабілеттерін ашып, оның жан – дүниесіне үңіліп, өзінің болашағына деген сенімін ояту, 
өзін – өзі құрметтеп,өз ар – ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші! 
Мейірбандық пен сүйіспеншілік жүректен – жүрекке жетіп, әлемге шапағат нұрын төге 
берсін!».  
Бұл пән «Мен қандаймын?», «Мен қандай болуым керек?» «Адамдармен қалай 
қарым – қатынас жасап, қалай өмір сүруім керек?» деген сұрақтарға жауап береді. «Өзін – 
өзі тану» деген сөз, адамның өзінің жан дүниесін өзі тануы, еңбектенуі, өз күшімен өз 
бақытын жасауы, мақсаты, ізденісі, ел үмітін ақтай білуі. Студенттердің білікті маман 
ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін – өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы.  
 «Өзін – өзі тану» адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасының басқа 
бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім жүйесінде педагогтарды жеке 
тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақтың өзіндік «Менін» 
қалыптастыруды көздеуінде болып отыр. Студенттердің бойындағы ізгілікті мақсат, 
көтеріңкі көңіл – күй, өзіндік ерекшелігі арқылы өз ортасына деген сүйіспеншілік, 
сыйластық, бауырмалдық, жауапкершілік, кішіпейілдік секілді асыл қасиеттері 
шыңдалады. Өмірге үйлесімділігі дамытылып, олардың дене, интеллектуалдық, 
эмоционалдық, психикалық, және рухани дамуы қамтамасыз етіледі. (3,69) 
Жастар жүрегіндегі отты сөндірмей, өмір талабына сай үлкен талант иесі, тұғыры 
биік маман ретінде  жоғары оқу орындарында дайындауда «Өзін – өзі тану» пәнінің рөлі 
зор. Студенттердің өзіндік мүмкіндіктерін ашу арқылы адамгершілік - рухани жан дүниесі 
дамытылады. 
Рухы күшті ел озады. Осы тұрғыдан алғанда еліміздің болашағы – оның білімді, 
талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақ қолында. 
Мұғалім мамандығы ең қиын да маңызды, жауапкершілікті әрі қызықты мамандық. 
Сондықтан да болашақ педагогтар ерік – қайраты күшті, мінезге бай, адамгершілік пен 
кәсіби тұрғыда өз ісінің шебері болуы тиіс. 
Қазіргі  заманауи білім беру жүйесінде педагогика теориясы мен оқу-тәрбие 
үрдісіне нақты өзгерістер енгізу арқылы Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру  
көзделіп отыр. «Болашақ энергиясы» айдарымен Бүкіләлемдік ЭКСПО -2017 көрмесінің 
Астанада өткізілу дайындығына жоғары оқу орындарында тәрбиеленіп отырған болашақ 
мамандардың үздік тәжірибелік жұмыстары мен өнертабыстары экспонатталып, білім 
жетістіктері еңбек майданына енгізілуі жоспарланып отыр.  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде студенттер 
оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдап, өз қабілеттеріне бағыттайды. 
Дәрістер мен практикалық сабақтарда интерактивті тақтада бір мезетте мәтіндік, аудио, 
бейне құжаттарды  DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қосып, ақпарат сақтау, 
белгі жасау т.б. компьютердің қосымша құрылғыларын және бұқаралық ақпарат 
құралдарын пайдаланады. Студенттер іздену мен зерттеу жұмыстары арқылы өзіндік 
жұмыстарының нәтижесіне жетеді. Кәсіптік бағдар «Өнертапқыштық тапсырмаларды 
шешу теориясы» әдістемесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.  
Студенттерге өткізілетін практикалық сабақтарда түрлі тренингтер, шығармашылық 
жұмыстар, жағдаяттық тапсырмалар орындалады.  
1.  Ұлы данышпан Рудаки айтқан екен:  
«Өмір – теңіз, еркін жүзем демеңіз,   
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» 
 Тапсырма: Осы ұлағат сөзді қалай түсінесіз, ой толғау жазыңыз. 
2.  Шәкәрім Құдайбердиев былай деген: 


«Дүние қу, бір ағын су, түстік оған көп болып, 
Күнде ағамыз, сандаламыз, бейнетіміз көп болып, 
Кейде ағашқа, кейде тасқа соғыламыз дөп келіп»   
Тапсырма:   «Өмір сүру ғанибет!» тақырыбына эссе жазыңыз. 
3.  Ақын  Қадір Мырзалиев: «Қайғы да қуаныш та бір өзіңнен, өзің қандай болсаң, 
өмірің сондай» деп неліктен айтқан? Ауызша түсінігіңізді айтыңыз, талдау 
жасаңыз. 
4.  В.А.Сухомлинский:  «Өзіңе – өзің ие бол. Өзіңе – өзің әмір етуді кішкентайыңнан 
үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керек нәрсені атқаруға өзіңді – өзің 
үйрете біл».  
Тапсырма:  Осы өсиет төңірегінде «Жаным толған жақсылық» тақырыбына әңгіме 
жазыңыз. 
2013 жылы 28 қазанда Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 
университетінің оқытушылары  Краков қаласындағы (Польша)  Ғылым және  технология 
университетінің профессоры, РҺД докторы Марек Бергандердің «Professional skills of 
public  speaking and presentations in the educational process» тақырыбындағы Халықаралық 
ғылыми – әдістемелік семинар жұмысына қатынасып, өз білімдерін көтерді. 
Жақында бір топ ғалымдар мен әдіскерлер Шалқар қалалық білім бөлімінде 
іссапармен болып, «Әлемдегі адам және адам әлемі: өзін-өзі тану теориясы мен 
практикасы» тақырыбындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының 
әдіскері М.К. Жұбандықованың ұйымдастыруымен үш күндік облыстық семинар-
практикум жұмысын өткізіп, «Өзін – өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 
бағдарламасы бойынша тұлғаның өмірге үйлесімді дамуын қалыптастыру туралы 
тәжірибелерін ортаға салды. Баяндамалар жасалып, понорамалық сабақтар көрсетіліп, 
әдістемелер слайд материалдары арқылы түсіндірілді. Сөз соңында айтарымыз – ұлттық 
білім беру жүйесін жаңа арнаға бұру, нәтиже мен сапаға бағыттау, бәсекеге қабілетті  
маман тәрбиелеу өзекті мәселе, заман талабы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет