шеберлігін танытады. Стратегияларды білу және оны қолдану дегеніміздің өзі бір басқа.
Сондықтан мұғалім ең алдымен жаңа технологиялардың стратегияларын мұқият зерттеп,
талқыға салуы крек.
«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» жобасы бірнеше стратегиялардан
тұрады. Олар: «Топтастыру», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Екі жақты күнделік»,
«Білемін,
білгім келеді, білдім», «Еркін жазу», «Шығарма кестесі», «Бес жолды өлең»
тағы көптеген стратегияларын атап айтуға болады. Бұл жобаның стратегияларын
қолданып, оқушылардың бойындағы қызығушылықты арттыруға болады. Нәтижесінде
оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып шығармашылықпен жұмыс істеуге,
берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге,
өз ойын ашық
айтып жеткізуге, танымдық өрісін кеңейтуге болады .
Ендеше сын тұрғысынан ойлау стратегияларына тоқталайық.
Джик со стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды еске сақтау
үшін өте тиімді. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл
жағдайда әрбір оқушы бір сәт
өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілік
артады. Оқушының оқуға деген ынтасы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас
қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары
қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған
қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқушы қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Топтастыру - оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушыларды еркін және ашық
ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды
байланыстыратын бірнеше
құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті сөзді ортаға жазу.
Ол тақырып болуы да мүмкін. Керекті уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді
топтастыру, қателерге көңіл бөлу, ешқандай шешім қабылдамау. Бұл әдіс көбінесе
қызығушылықты ояту және ой толғаныс кезеңінде жүзеге асырылады. Топтастыру –
қарастырылып отырған мәселе жайлы ойдағы бар мәліметті қағазға түсіру. Тоқтаусыз,
шектелмей жаза беру, содан кейін классификациялау арқылы
ішкі байланысын анықтау,
білімнің желісін немесе торын құру осы стратегия үлесінде.
«Еркін жазу» - оқушылардың қабілет ерекшелігіне, психикалық жағдайына тікелей
әсер ететін стратегия. Бұл стратегия ойды жүйелеп, оқушыны нақтылыққа баулиды. Яғни
оқушылар 5 минут ішінде берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін
жазады, оны өзінің жанында отырған оқушымен бөліседі және оқиды. Қалған оқушылар
мұқият тыңдап отырып, сұрақ қояды, талқылайды және бағалайды.
Бұл әдісті сын
тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану
тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не
үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б.жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді
тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: