«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы – шығармада екі кейіпкердің қарама –
қарсы қасиеттерін сипаттауға көмектеседі.
Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту
стратегиялары бар. Соның бірі – INSERT стратегиясы – оқушылардың оқығанын
түсінуге, өз ойына басшылық етуге, өз көзқарасын білдіруге ұтымды тәсіл. Мұнда
шартты белгілер арқылы оқытылады және оқушылар материалды немесе жаңа тақырыпты
өз бетімен меңгереді.
V
+
-
?
Мұндағы,
«V» - егер оқушы мәтінде берілген мәлімет таныс болса, сол тұсқа осы белгіні
қояды.
«+» - бұл мәлімет оқушы үшін жаңалық.
«-» - бұл оқушы білетін мәлімет сәйкес емес деген сөз.
«?» - бұл жердегі мәлімет оқушы үшін түсініксіз, сұрақ туады.
Достарыңызбен бөлісу: |