Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет142/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   180
«Венн диаграммасы» - бұл жеке  өздеріне тән ерекшеліктері және артық 
ерекшеліктері бар екі пунктті салыстыру үшін қолданылады. Бір-бірімен айқасқан екі 
шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал 
айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды 
осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі 
ойлау операциясын меңгереді. 
«Бес жол өлең» стратегиясы – ақпаратты жинақтау қабілеттілігі, аз ғана сөзбен 
күрделі ойын, сезімін, үмітін білдіру. Бесжолдық өлең тақырыпты ашу керек, сондықтан 
ол ақпараттың талданғанын және материалдың аз сөзбен көп ойды білдіретіндігін талап 
етеді. Бұл стратегия мынандай жолдардан тұрады: 
1 -  жол- тақырыпты білдіретін бір сөз (зат есім), 
2 – жол екі сөз, тақырып мазмұнына байланысты (сын есім), 
3 – жол- үш сөз тақырып бойынша іс-әрекет, 


4 – жол- тақырыптағы сөзден тұрады, яғни зат есімге мағыналас сөз
5 – жол- тақырыптың болмысын білдіретін бір сөйлем. 
«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм тақырыпты түрлі 
қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. Онда ойлау, жазу, оқу әрекеттері қатар жүреді.  
«Кубик» деген бұл жағдайда фигураның атауын емес, оқытудың кезеңдері мен сатыларын, 
объектіні танудың, тақырыпты ашудың жол көрсеткішін, алгоритімін бейнелейді. 
Геометриялық фигура ретінде кубиктің алты қыры бар. Әр қыр таным әрекетінің бір 
сатысына сәйкес келеді. Мәселен,  
1 – қыр. Сипаттаңыз. (Қараңыз, еске түсіріңіз. Бұл қалай көрінеді, оны қалай тануға 
болады). 
2 – қыр. Салыстырыңыз. ( Объектіні немесе салыстыруға болатыны алдын – ала 
анықталып, салыстырмалы сипаттама жасалады. Салыстыратын объектілердің ортақ 
сипаттары мен айырмашылықтары болуы қажет ). 
3 – қыр. Ассоциация құру. ( Еркін ойлап, осы объектінің қандай бейнелер 
туғызатынын анықтаңыз ). 
4 – қыр. Талдау жасаңыз. ( Құрамдас бөліктерге бөліңіз, құрылымдық байланысты 
анықтаңыз, оның қалай әрекет ететінін айқындаңыз ). 
5 – қыр. Ұсынысыңыз. ( Бұны қалай қолдануға болады? Осы жөнінде ойыңыз ? ). 
6 – қыр. Дәлелдеңіз. (Қолдау – қолдамау туралы ойыңызды білдіріңіз. Бұл 
зерттелген объектіге баға беретін деңгей). 
 «Аралас кезең» стратегиясы – қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. «5 
минуттық эссе» - оқушылардың ой-өрісінің даму деңгейін көтеру әдісі. 
 «Көрнекілік» стратегиясы – баланы ойландырып сөйлету, нақты құбылысты 
көзбен көрсету, қолмен ұстату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет