«Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы – бұл әдіс оқушының сын
тұрғысынан ойлауын, тілін дамытады. Оқушылар көптеген құбылыстарды көріп, оны ой
таразысына салуға үйренеді. Онда қолданылатын сұрақтар:
- Не елестеттіңіз ?
- Нені байқадыңыз ?
- Неге назар аудардыңыз ?
Семантикалық карта. Семантикалық карта бір тақырыпты аяқтағанда, не бір
бөлім немесе тарау бойынша алған білім, білік, дағдыларын бақылау, есепке алу
мақсатында өте қолайлы. Ол арқылы балалардың осы тарау бойынша қай жерінен қандай
тақырыптан ақсайтынын немесе жақсы білетінін анықтауға болады.
|