Хабаршысы ғылыми журналы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РОЛІНІҢ



Pdf көрінісі
бет55/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РОЛІНІҢ 
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КӨРІНІСІ 
 
Кенжебаева Р.Ж. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В этой статье автор рассматривает  роль и место Республики Казахстан  в мире с 
географической точки зрения. 
In this article the author examines the role and place of the Republic of Kazakhstan in the world 
from a geographical point of view.  
 
Ключевые слова: территория, мост, политика, география, природный ресурс. 
Keywords: area, bridge, politics, geography, natural resource. 
 
Қазақстан Республикасы территориясының көлемі - 2724,9 мың км², жалпы аумағы 
Жер шары көлемінің - 2%, Азияның  - 6,1%,  дүниежүзі елдерінің ішінде тоғызыншы 
орынды алады (Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия,  Үндістан,  Аргентина).  
Қазақстанды тәуелсіз егеменді мемлекет деп жариялағаннан кейін дүниежүзінің жүзден 
астам елдері ресми түрде таныды. Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан 
саяси процестерге белсене араласып, көптеген елдермен тұрақты саяси және 
экономикалық байланыстар жүргізіп отырған ел.  
Қазақстан Республикасының дүниежүзіндегі орны мен ролін географиялық 
тұрғыдан көрсеткенде экономикалық кеңістіктің (территорияның) көлеміне, орнына, 
табиғи ресурстық қорына, халықаралық еңбек бөлінісі жүйелеріне енуге және 
дүниежүзілік қауымдастықтағы орнына орай көрінеді. 
Қазақстанның Еуразия контитентінің ортасында орналасуын Батыс пен Шығысты 
жалғастыратын «көпір» ретінде қарауға болады. Мұндай географиялық орны оның 
экономикалық дамуының басты факторларының бірі және дүниежүзіндегі орны мен ролін  
анықтайды. Европа мен Азияның аралығына орналасқан Қазақстан территориясы 
ежелден-ақ қызу сауда-саттық және саяси байланыстар ортасы болды. 
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан батыста -  Кавказ, солтүстікте - Ресейдің Урал мен 
Батыс Сібір және оңтүстікте -  Орта Азия секілді елдердің жақсы дамыған экономикалық 
аудандарының орталығында орналасуы, бұл аудандар мен Қазақстан арасында тарихи 
қалыптасқан экономикалық байланыстар темір жол құрылысы және пайдалы қазбаларды 
игеру мұның өзі республика халық шаруашылығының барлық салаларының, ең алдымен, 
оның өнеркәсібі мен көлігінің тез өсуіне жағдай туғызды.  
Тәуелсіз Қазақстан республикасының экономикалық-географиялық жағдайы күрт өзгерді, 
ол неғұрлым қолайлы әрі тиімді болып отыр.  
Қазақстан екі Ұлы мемлекеттер мен мұсылмандық шығыс елдері арасында 
орналасқанын көреміз. Ресей мен Қытай мемлекеттері дүниежүзінде территориясы, халқы, 
табиғи байлықтары, экономикалық жағынан ірі державалардың қатарына жатады. 
Сондықтан бұл елдермен экономикалық, саяси, мәдениет, ғылыми-техникалық т.б. 
байланыстар жаңа көріністе, жаңа деңгейде, Қазақстан бұл елдер арқылы Батыс, Шығыс 
Еуропа елдерімен, Орта Азия және азиялық Тынық мұхит аймақтарымен қатынастыратын, 
байланыстырушы мемлекетке айналуда.  
Қазақстан территориясы арқылы Трансеуроазиялық темір жолы магистралын салу немесе 
транзиттік әуе жолдарын ашу және Батыс Европа - Батыс Қытай автожолы Қазақстанның 
аралық ел ретіндегі маңызы ерекше айқын көрінетін болады. Алайда республикада ашық 
теңізге шығатын төте жолдың жоқтығы, оның дүниежүзілік қатынас құралдарынан 


шалғай орналасуы Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын 
қиындатуда.  
Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының тиімділігін пайдалану оның 
көліктік-транзиттік потенциалына байланысты. Қазақстандағы саяси және экономикалық 
тұрақтылық, нарықтық экономикаға көшу, еуразиялық және стратегиялық көліктік саясат, 
ішкі және сыртқы маңызы бар көлік жолдарын дамыту т.б. шаралар әсер етеді. Еуропа 
Азия-Еуропа желісі бойынша теміржол жүк айналымын қамтамасыз ететін Транс-Азиат 
магистралі (ТАТЖ, ТАДЖ, солтүстік және оңтүстік коридорлар) - орталық коридор 
Еуропа-Кавказ-Азия (ТРАСЕКА), Еуропа, Қара теңіз өңіріндегі елдер, Кавказ, Каспий 
теңізі өңірі мен Азия елдерін байланыстыратын трансконтиненталдық магистраль. 
Сондықтан ол Қазақстанның транзиттік потенциалын пайдалануға экономикалық тұрғыда 
өте тиімді болып келеді. Республикамыздың дүние жүзіндегі орны мен ролін арттыруда. 
Тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында Қазақстанда адам басына шаққандағы ІЖӨ 
мөлшері 1994 жылғы 700 доллардан 2010 жылы 9000-нан астам долларға өсті. Бұл алдын- 
ала болжалынған мерзімнен 5 жыл бұрын және әлемдегі кез келген мемлекеттегі 
көрсеткіштерден де жылдам жүзеге асты. Әрине, бұған бір жағынан елдегі минерал 
ресурстарының орасан зор қоры да ықпал етті. Алайда мұндай жетістіктерге жету үшін, ең 
алдымен, батыл экономикалық реформалардың және саяси тұрақтылықтың барынша 
мүмкіндік бергендігі ақиқат.        
Территорияның үлкендігі экономиканы шикізатпен қамтамасыз етуге әсер етеді, 
яғни өнеркәсіптің дамуы мен орналасуы, минералдық шикізат ресурстарының қорына 
байланысты болады. Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығындағы орнының тағы бір 
көрінісі  пайдалы қазбалар қорынан дүниежүзінде алдыңғы қатарлы орындарды алуы. 
Республикамызда Д. И. Менделеев кестесіндегі элементтің 99-ы ашылған, оның жетпісі 
зерттеліп, алпысы шаруашылықта  кеңінен пайдаланылады.  
Ғалымдардың эксперттік баға беруі бойынша, табиғат ресурстарының қоры бойынша 
дүниежүзінде Қазақстан алтыншы орында, ал мұнай мен табиғи газ қоры бойынша 
алғашқы он бес мемлекеттің қатарында деп есептейді. 
Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі дамыған басқа елдерден айырмашылығы 
шикізаттың көптеген түрлерінің өндірілуі және кейбіреуінің қорынан дүниежүзінде 
алғашқы орындарға ие болуы. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемдегі 9-шы орында, 
ТМД елдерінде екінші орынды иемденеді. Қоры жағынан әлемде бірінші орында: мырыш, 
вольфрам, барит және ваннадий, рений, висмут, фтор; екінші – уран (25%), күміс, 
қорғасын  және хромит (30%); үшінші – асбест, мыс, флюорит, марганец; төртінші – 
молибден; алтыншы – фосфорит және алтын; жетінші – темір рудасы, мұнай-12-ші, ал 
табиғи газдан 16-шы орынды иемденеді.. Еліміздің ғасыр басындағы кейбір шикізат 
түрлерінен әлем елдерінің арасындағы орны (кесте 1). Қазақстандық Каспий 
қайраңындағы геологиялық барлаулардың болжамы бойынша, Қазақстан мұнай мен газ 
қорынан болашақта алғашқы алты елдің қатарына кіруі  мүмкін. 
Кесте 1 
ХХI ғасырдың басындағы негізгі пайдалы қазбалар қорына иелігі бар әлем елдерінің 
қатарлық орнындағы Қазақстанның көрінісі [1]. 
Шикізат түрлері  Әлем елдері 
Мұнай 
Сауд Аравиясы, Кувейт, Иран, Ирак, БАЭ, Венесуэла, Ресей, Мексика, 
АҚШ, Ливия, Қазақстан, Норвегия, Әзірбайжан, Нигерия 
Табиғи газ 
Ресей, Иран, БАЭ, Сауд Аравиясы, АҚШ, Катар, Алжир, Венесуэла, 
Канада, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан 
Тас көмір 
Қытай, АҚШ, Ресей, Канада, Австрия, Үндістан, ОАР, Қазақстан 
Мыс рудасы 
Чили,АҚШ, Конго, Замбия, Перу, Австрия, Қазақстан, Қытай 
Марганец руд. 
ОАР, Австралия, Габон, Бразилия, Үндістан, Қазақстан, Қытай 
         Қазіргі заманда дүниежүзі елдерінің экономикасының дамуында ерекше орын 
атқарып отырған мұнай ресурстары болғандықтан, екінші индикатор – мұнай өндіру 


көлемі. Қазақстанда және біршама мұнай қоры бар елдердің ІЖӨ-ін жан басына 
шаққандағы көлемін салыстырсақ, еліміз 1995 ж. 72-ші орында болса, 2002 ж. 48-ші 
орынға көтерілді, яғни жан басына шаққанда ІЖӨ - 7362 АҚШ долл. жетіп, 24 елден озып 
кетті (Иран -7000, Түркия-7000, Болгария - 6600, Венесуэла - 5500, Алжир-5300, Украина - 
4500, Қытай - 4400 т.б.). 
Қазақстанның дүние жүзі қауымдастығындағы орнының тағы бір көрінісі – дүние 
жүзі шаруашылығы және халықаралық еңбек бөлінісі жүйелеріне ену мәселелері. 
Қазақстан экономикасы дүние жүзілік географиялық еңбек бөлінісі жүйесімен тығыз 
байланысты, ал оның негізінде әлемдік рынокқа ену мәселесі тұр. Әлемдік рынокқа 
кірудің басты формасы сыртқы экономикалық байланыс түрлері: экспорт пен импорт, 
халықаралық қаржылық-экономикалық жүйеге кіру (Халықаралық валюта қоры, 
Халықаралық даму және реконструкция банкі, трансұлттық корпорациялар, еркін 
экономикалық зоналар т.б.), халықаралық және аймақтық экономикалық және саяси 
ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысы т.б. Халықаралық географиялық еңбек 
бөлінісіне ену үшін Қазақстан экономикасындағы  приоритеттік бағыттармен 
(республикалық, аймақтық, әлемдік), бәсекелестікке қабілетті салаларды анықтап алу 
керек. Қазақстандық маркетингтік-талдамалық зерттеу орталығы және белгілі 
Американдық зерттеу орталығы (SJE Austin Associates Inc (JAA) зерттеулері арқылы 
Қазақстан экономикасының 150 саласының ішінде таяу арада экономикалық потенциалы 
жоғары 20 сала бәсекелестікке төтеп бере алады деген қорытынды шығарылды, олардың 
ішінде ежелден дамып келе жатқан мал шаруашылығы, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, 
тамақ өнеркәсіптерімен бірге, елімізде жаңа дамып келе жатқан туризм, биотехнология, 
коммерциялық банк қызметі т.б. 
Оған енудің басты формаларының бірі – Трансұлттық корпорациялар (ТҰК). Бұл 
дегеніміз - өндірістік және сауда-тұтынушылық әрекеттердің ұлттық мемлекеттің 
аумағынан сыртқа шығару арқылы халықаралық еңбек бөлінісіндегі жаһандану және 
әлемдік интернационалдық үрдістерін тиімді пайдалану арқылы дамитын корпорациялар 
мен олардың филиалдары. 
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, әлемде 40 мыңнан астам ТҰК жұмыс жасайды. 
Онда 73 млн. астам адам жұмыс атқарады, яғни әрбір оныншы жұмыс жасайтын адам. 
Дамып келе жатқан елдерде 107,3 мың  астам филиалдары бар. Әлем шаруашылығында 
96%-ға жуық ғылыми-зерттеу және конструкторлық тәжірибелік жұмыстар, сонымен бірге 
ТҰК-ның үлесіне халықаралық сауданың, лицензияның тауар белгілерінің, өндірістік 
сынақтардың басқару қызметтерінің 4/5 бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің үлесіне тиеді. 
ЮНКТАД-тың кейінгі мәліметтер бойынша ТҰК-ың Қазақстанда 180-дей филиалдары 
мен өкілеттіктері бар. Олар: «Теңіз-Шевройл» БК (Chevron-Шеврон), «Қазақстан-Каспий-
Қайраң» АҚ және «ОКІОС-Окиок» (Agip-Аджип,BQBP, Mobil-Мобил, Shell-Шелф, Total-
Тотал, INPFKS, Philips-Филипс, Лукойл) АҚ, «Миттал Стил Теміртау» (ZMQOUP), 
«Корпорация Қазақмыс» АҚ, АТАҚ (Samsung-Самсунг), «Қазақмырыш» компаниясы, 
(Qleneore Iniernationale AQ), «Алматы темекі фабрикасы» (Philips Moris-Фелип Морис) 
АҚ, «Coca-cola Almaty Bottlers-Алматы-Ботлерс» АҚ, «Альфа-Банк Қазақстан» (Альфа-
группа) т.б. ТҰК-ның Қазақстан экономикасындағы ролі мен экономикалық қорындағы 
орнын компанияның атқаратын жұмыстарынан Республиканың өндіретін өнімдегі 
үлесінен  көруге болады. «Теңіз-Шевройл» БК-ң мына өнімдердегі үлесі: шикі мұнай-36%, 
табиғи газ-35,6% , газ 27,3%  және  шикі күкірт-99,5%. «Корпорация Қазақмыс» АҚ-ң 
өнімдеріндегі үлесі: тазартылған күміс-63,8%, тазартылған алтын-24,1%, мыс-100%, 
мырыш концентраты-27,1%. «Миттал Стил Теміртау» АҚ («Испат-Кармет») 
компаниясының темір рудасын агломерациялау, шойын, болат, қорғасын, мырыш, 
қорғасын-мырыш рудаларын өндіру  өнімдеріндегі әрбіреуінің үлестері өте жоғары.. 
«Қазақмырыш» компаниясы өнімдеріндегі үлесі:  тазаланған күміс-36,2%, тазаланған 
алтын-72,9%, қорғасын-82,2%, қорғасын-мырыш рудасы-71,6% және мырыш-99,9% т.б. 
Бұдан 2007-ші жылдардағы шетелдік компаниялардың республиканың экономикалық 


қорының салаларында қанша үлеске иемденіп отырғанын көруге болады, бірақ қазір бұл 
көрсеткіштер еліміздің экономикасының қарқынды өркендеуінің барысында жыл санап 
төмендеуде.   
Қазақстанның ХХI ғасырдың басындағы кейбір рудалы және рудасыз шикізаттарды 
өндірудегі әлем елдерінің арасындағы орны [кесте 2]. Дүние жүзіндегі 50 елде өндірілетін 
темір рудасының 70 %- дан астам негізгі көлемі  ҚХР, Бразилия, Австралия, Индия, Ресей 
және Қазақстанның үлесінде. Қазақстан темір рудасын өндіруде әлемде 12-ші орында. 
Темір рудасын өндіру 1993 ж. 13,1 млн.т,  2001 ж.15,9 млн.т болса, ал 2010 ж. 24 млн.т. 
жетті. Әлемдегі ірі  15 темір рудасының компаниялар арасында Соколов-Сарыбай тау-кен 
өндірістік бірлестігі (ССГППО) 7-ші орында. Соңғы он жылдықта темір рудасының 
халықаралық саудасының көлемі де өсті. Әлемдік  экспорттың 40% Австралияның, 30% 
Бразилияның үлесінде. Халықаралық  рынокқа бұл өнімді ОАР, Украина, Канада, 
Австрия, Бразилия, Индия, Швейцария елдері шығаруда. Халықаралық рынокқа темір 
рудасын шығаруда Қазақстан 9-шы орында. Еліміз 2000 ж. 7,7 млн.т. темір рудасын 
әлемдік саудаға шығарса, 2010 ж. 16,5 млн.т. жетіп отыр[3].  
 
    Кесте 2 
ХХI ғасырдың басындағы кейбір рудалы және рудасыз шикізаттарды әлем елдерінің 
өндірудегі Қазақстанның көрінісі [2]. 
 
Шикізат түрлері 
Өндіру 
(өндірісі) млн.т. 
 
Басты өдіруші елдер 
Хром рудасы 
16 
БАЭ, Қазақстан, Түркия, Үндістан,  Зимбабве, 
Финлияндия, Бразилия, Албания, Иран 
Боксит 
175 
Австралия, Гвинея, Ямайка, Бразилия, Қытай, 
Үндістан, Венесуэла, Суринам, Ресей, Қазақстан,  
Мырыш 
7* 
Австралия, Канада, Қытай, Перу, АҚШ, Мексика, 
Қазақстан, Ирландия, Польша, Швеция 
Фосфор 
150 
АҚШ, Қытай, Марокко, Ресей, Тунис, Индонезия, 
Израиль, Бразилия,  Конго, ОАР, Қазақстан  
* металға қарай 
 
Әлемдік рыноқта хром рудасына сұраныс өсуде. Хром рудасының негізгі қоры 
Қазақстан, ОАР, Үндістан және АҚШ елдерінде.  
Дүниежүзінде хромит рудасы қорынан 20 мемлекет көзге түседі, барлық қоры 1,7 
млрд.т. деп есептеледі (1993 ж.). Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасынан кейін 
екінші орынды алады. Дүние жүзінің 30% хромит рудасының қоры Ақтөбе облысында 
шоғырланған. Басты шикізат базасы – Доң тобы. Республикада «Қазақхром» трансұлттық 
корпорациясы құрылып, шикізатпен дайын өнім өндіретін кешен құрылды. Ферроқорытпа 
өндірісінің шығаратын өнімдері: Ферросилиций, феррохром, ферромарганец, 
ферросиликохром, ферросиликоалюминий бұл өнімдер де халықаралық рыноққа 
шығарылады. 
Дүние жүзінде 2000 жылы 16 млн. т хром рудасы мен концентраты өндірілсе, ал 
2010 жылы хромиттің әлемдік өндірісі 23 млн.т жетті. Басты өндіруші ел ОАР 46% 
өндіреді. Қазақстан хромитті өндіруде әлемде ОАР,Үндістаннан кейінгі үшінші орында. 
Елімізде хром рудасын өндіру көрсеткіші:  2000 ж.2,6 млн.т, 2010 ж.3,6 млн.т жеткен [3].  
Нарықтық экономикаға көшудің, ұлттық экономиканы қалыптастырудың барысында 
шетелдік инвестиция мен компаниялардың қатысуында тиімді жақтармен бірге тиімсіз, 
ұлттық экономиканың қауіпсіздігіне қатерлі жағдай жасауы мүмкін екенін еске алу керек. 
Олар: шетелдік капиталдың мемлекеттік саясатқа ықпал етуі, рынокты монопализация 
жасауға ұмтылуы, табиғат ресурстарын бей-берекет «пайдалануға» және қоршаған ортаны 
қорғауға көңіл бөлмеуі. Сондықтан, экономиканың дамуына отандық инвесторларды 


(мемлекеттік және кәсіпкерлік) тартудың үлесін арттыру Қазақстан үкіметінің басты 
мақсаттардың бірі деп есептеу керек. Қазақстанның ұлттық компаниялары интеграциялық 
үрдістерге қатыса бастады. Мысалы, «Қазмұнайгаз» компаниясы Украинаның Херсон 
мұнай өңдеу зауытының 60% акциясын тендермен жеңіп алды. «Петро-Қазақстан», 
«Теңіз-Шевройл» сияқты мұнай-газ компанияларында отандық кәсіпкерлердің үлесі 
ұлғайып келе жатыр. Отандық компаниялар мен фирмалар Орта Азия елдерінің 
экономикалық жобаларын іске қосуға қатыса бастады, яғни ұлттық капиталдың негізінде 
қазақстандық ТҰК-лар құрыла бастады, яғни еліміздің әлемдегі орны мен ролі 
айқындалуда.  
Қазіргі кезде Қазақстанның экспорт құрылымында минералдық өнімдер мен қара 
металл өнімдері басым. Еліміздің сыртқы сауда айналымының 85%-ы мұнай, газ, көмір, 
темір, метал өнімдері, түсті металл рудалары, химиялық тауарлар, пластмасса, каучук, 
астық, мал шаруашылығы өнімдері  құрайды. Еліміздің негізгі экспорттық алыс шетел 
партнерлері: АҚШ, Қытай, Германия, Түркия, Иран, Корея Республикасы, Швейцария, 
Ұлыбритания т.б. елдер. ТМД елдерінің ішінде тарихи-экономикалық байланыстарға 
тоқталсақ, Қазақстанның өнімдерін пайдаланудың негізгі сауда серігі Ресей болып 
есептеледі. 
Импорттық тауарлардың құрылымында өңдейтін өндіріс тауарлары басым, яғни 
машина, құрал-жабдықтар, көлік приборлар үлесі 42%, химия өнімдері, пластмассалар, 
каучук, тауарлармен оның шикізаттары т.б. Импорттық тауар айналымындағы басты 
серіктес елдер Ресей, Германия, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Түркия, Жапония және 
Корея т.б. 
Қазақстанның ТМД, Азия-Тыңық мұхит аймағындағы, Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы, Таяу және Орта Шығыстағы интеграциялық процестерге қатысуы және 
Шығыс, Батыс Европа мен Солтүстік Американың жетекші елдерімен жан-жақты 
ынтымақтастықты дамыту да маңызды стратегиялық бағыты, дүниежүзіндегі орны мен 
ролін айқындауда. 
Елімізде шетел инвестициясын тарту 1991 жылдан басталды. Тікелей шетелдік 
инвестиция тау-кен өнеркәсібіне, оның ішінде мұнай және газ өндіруде жоғары болды. 
Қазақстан экономикасына инвестиция  салған алғашқылар АҚШ, Канада, Ұлыбритания, 
Италия, Ресей, Түркия, Қытай, Германия т.б. және қазіргі таңда осы елдердің елімізбен 
серіктесу арқылы  жүздеген кәсіпорындары жұмыс істеп тұр.  
Қазақстан Республикасының дүние жүзіндегі жаһандану сыртқы экономикалық 
ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысу. Қазақстан БҰҰ-на және Европалық 
банкке, бүкіл дүниежүзілік кеден ұйымына 1992 жылдан мүше. 
Елдегі басты роль атқаратын ұйымдар: Еуразиялық экономикалық қауымдастық 
(ЕурАзЭҚ) құрамына кіретін елдер (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және 
Тәжікстан), ортақ сыртқы кедендік шекараларын құруға, біртұтас сыртқы экономикалық 
саясатты, тарифтерді, бағаларды және ортақ рынок қызметінің басқа да құрамдарын 
қалыптастыруға байланысты функциялар жүктелген халықаралық экономикалық ұйым. 
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), халықаралық экономикалық ұйым 2000-2001ж. 
құрылды. Бұған Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Қытай мен 
Казақстан арасындағы экономикалық байланыс жетекші роль  атқарады. 
Орталық Азия экономикалық қауымдастығы 1998 ж. құрылды, қазір “Орталық Азия 
қауымдастығы” (ОАҚ) деп аталады. Мүшелері: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, 
Түркіменстан және Тәжікстан. 
Қазақстан Республикасы Азия даму банкіне (АДБ) 1994  ж. мүше болды. Қазір 
мұнда  56  мемлекет  мүше. Қазақстан бұл банктің ірі акционерлік мүшесі болып 
есептелді. 
1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы мен  Ресей Федерациясы  арасындағы  
Достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан мұнайы 
мен газын Ресей мұнай құбырлары арқылы экспортқа шығарады. 1996 жылы 29 наурызда 


Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыстан мемелекеттерімен экономикалық, гуманитарлық 
интеграциялыны тереңдету туралы және кедендік одақ құру жайлы  келісімге қол 
қойылды. Қазақстан Беларусь мемелекетінен қажетті машина, құрал-жабдық, минералдық 
тыңайтқыш, химия өнеркәсібі бұйымдарын, тоқыма өнімдерін  алды. 
Қазақстан АҚШ-пен қарым-қатынасқа үлкен мән береді. 1992 жыл 23 желтоқсанда 
Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сауда қарым-
қатынасы туралы келісім бекітілді. Америка Құрама Штаттарынан келген 
инвестицияларды үкіметіміз өндіріске тікелей пайдалануға мүмкіндік туғызды. Қазақстан 
мен АҚШ-ның экономикалық байланыстарының ең маңыздысы Теңіз кені, Каспий 
қайраны мен Қарашығанақ мұнай көздерін игеру туралы келісім шарты. 
Қазақстан Республикасы экономикалық стратегиясын іске асыру мақсатында Еуропа 
Одағына енетін елдермен экономикалық қарым- қатынас туралы келісім шарттар 
жасалды. Қазақстан мен Германия арасында елімізді дайын тамақ өнімдерімен 
қамтамасыз етуде тауар айналымы ұлғая түсті.      
Франция мен Қазақстан арасындағы қатынастардың нәтижесінде инвестицияны 
көтермелеу және оны өзара қорғауға қол жеткізілді. Қазір республикамызда 20-дан аса 
бірлескен қазақ-француз мекемелері жұмыс істейді. 
1992 жылдан бастап Қазақстан–Италия мемлекеттері арасында экономикалық қатынастар 
орнады. Қазіргі танда біздің елімізде Италияның 18 фирмасы және 40-тан аса біріккен 
компаниялары жұмыс істеуде. Сонымен қатар Қазақстан Шығыс Европа және Балтық 
жағалауындағы елдермен қарым- қатынас орнатуда. 
Қазақстан Республикасы Азия елдерімен экономикалық қарым-қатынасқа үлкен 
мән береді. Азия бағытында Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Үндістан, Израиль, 
Индонезия, т.б. елдерімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық қатынастар орнаған.  
Үлкен жетілік құрамына кіретін Азиядағы бірден-бір ел - Жапониямен арадағы 
қатынастар дұрыс жолға қойылған. Жапониямен қарым-қатынас үш бағытта жүзеге 
асырылуда -  сауда, инвестиция, экономикалық көмек. 
“Самсунг” компаниясы Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы қатынасты реттеуші 
болып отыр.  
Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда- 
экономикалық қатынас 1992 жылы қалыптасқан. Екі ел арасында 50-ге жуық құжаттарға 
қол қойылды. Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық серіктестік құрылды. 
Қытайлықтар Ұлттық корпорациясы жариялаған тендерге қатысып, “Ақтөбемұнайгаз” 
акционерлік қоғамының акциясын сатып алды. Ақтөбе кенін өндіретін жабдықтар қайта 
өндеуден өтіп, мұнай өндіру көлемі ұлғайды. “Достық-Алашонькоу” теміржолы арқылы 
жүк тасымалын арттыру іске асуда. 
Біздің еліміз үшін Түркиямен экономикалық қарым-қатынастың маңызы зор. 
Қазақстан Түркияға мыс, мырыш, қара металл прокатын, тыңайтқыш, мал терісі мен жүк 
шикізаттарын экпортқа шығарады. Түркиядан халық тұтынатын тауарлар алады, 
түріктердің көмегімен салынған құрылыстар  бой көтерді, түрік фирмалары құрылысқа 
миллиардтаған доллар қаржы бөлді. Парсы шығанағы елдердің ішінде Оман сұлтанаты 
мен Қазақстан арасындағы қарым - қатынастың негізгі бағыты - Каспий теңізіне мұнай 
құбырын салу, Оман сұлтанатының бір портын Қазақстанның жүк таситын базасына 
пайдалану, тағы басқа сауда экономикалық, ғылыми-технологиялық, мәдени қатынастар 
орнату.  
Қазақстан Республикасының экономикалық қарым-қатынасы Таиланд, Индонезия, 
Малайзия, Сингапур, Сауд Арабиясы елдерімен нығая түсуде. 
Еліміздің халықаралық, аймақ және мемлекетаралық интеграцияға қатынастары оның 
сыртқы саяси қызметіндегі маңызды бағыты болып табылады. Бүгінде еліміз алпыстан аса 
халақаралық ұйымдармен тығыз байланыс және ынтымақтастық орнатқан. Ол 
Қазақстанның көп бағытты сыртқы саясатының принциптері мен ұлттық қауіпсіздігің 
нығаюына жағдай жасайды.  


Қазақстан 1992 жылдың қантар айынан бастап, Еуропадағы қауіпсіздік пен 
ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) мүше болып кірді 2010-ы жылы Қазақстан 
бұрынғы кеңестік республикалар арасынан тұңғыш болып осы 56 елді біріктірген 
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының төрағалығына сайланды.  
Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (OSCE-ЕҚЫҰ) 
төрағалығы мен Астана САММИТ-ін өткізу, оған мүше 56 мемлекет пен 12 серіктес елдің 
басшылары мен үкімет жетекшілері, 69 халықаралық ұйым жетекшілері, 500-ге тарта 
үкіметтік емес ұйым өкілдерінің келуі, Қазақстанның халықаралық беделімен мемлекет 
басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін мойындау. 
Қорытындылап  келгенде, Қазақстан үкіметінің ХХІ ғасырдың  басында ұстанған 
экономикалық саясатының барысында дүние жүзі экономикалық қауымдастығындағы 
орны ерекше, ролі жоғары ел. 
Әлем Қазақстанды әлеуметтік- экономикалық өсім деңгейі жоғары қарқынмен 
дамып келе жатқан, мемлекеттік және қоғамдық негіздері берік қалыптасқан, нарықтық 
экономикаға батыл қадамдар жасаған ел ретінде таниды. Жаңа мемлекет жасау 
жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, 
тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне 
өрлеткен ұлы тұлға-Елбасының ерен еңбегінің жемісі. Қазақстан халқының бірлігінің 
жетістігі. Ел өміріндегі бетбұрысы кезеңдегі осындай жетістіктеріміз сырт көздің де 
назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, “Оксфорд аналитика” британ компаниясының 
“Дейли телеграф” сияқты ықпалды басылымында жарияланған экономикалық талдауында 
Қазақстан транзитті экономикасы бар мемлекеттердің арасында аршынды дамып келе 
жатқан елдердің бірі ретінде аталып, алдағы уақытта да осындай көш бастаушы тұғырын 
сақтап қалатыны жайында болжам жасалыпты.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет