Қазақстанда туризмнің қазіргі жағдайы. Еліміздегі туризмнің дамуы елдің
экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың
қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Қазіргі таңда елімізде 740- тан астам туристік
фирмалар қызмет атқаруда. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-
сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау,
атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден
астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымдылығы 53834 мың орынды 465 әр түрлі
категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Қазақстандық қонақүй бизнесі қазіргі таңда
даму үстінде. Мысалы,
Алматы
қаласында қонақтарға “
Алатау
”, “
Қазақстан
”, “
Достық
”,
“
Есік
”, “
Отырар
”, “
Астана
”, “
Анкара
”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистік қызмет
көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан.
Олардың ірілері: “Окан – Интерконтиненталь Астана”; “Комформ – Отель Астана”,
“Турист”, “Есіл”, “Жібек жолы”, “Алтын дала”, т.б. Қазақстанның қазіргі заманғы қонақүй
индустриясы менеджменттің екі типі бойынша қызмет етеді: отандық және шетелдік.
Екіншісі отандық қонақүй қызметі нарығының жаңа сапалы жүйеге ауысқанын
дәлелдейтін компаниялар басқаратын отельдердің пайда болуымен түсіндіріледі.
Туристік бизнесті іске асыруда туристік ресурстар маңызды орындар алады. Оларға
Қазақстанда салық салынбайды, сол себептен олар бизнестің арзан құраушысы болып
табылады. туристік ресурстарын бағалайтын болсақ, Республикамыздың еліміз таулы,
танымдық мәдени ресурстарға бай деп айтсақ қателеспейміз. Қазақстанда 80-ге жуық
ландшафты-рекреациялық аймақтар бар, мәдени, тарихи ескерткіштердің саны 9 мыңға
жуық, 18 табиғи қорғалған мекемелер, туристік-рекреациялық аймақтар 6-8%, қорықтар
мен ұлттық парктер 0,01% құрайды. Қазақстанның тарихы жағынан маңызды қалалары
орналасқан: Түркістан, Испиджаб (Сайрам), Тараз, Меркі, Талхиз (Талғар), Қойлық
(Талдықорған).
Достарыңызбен бөлісу: |