Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет72/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110
file20191226084701

Keywords: education, morality, pedagogical condition. 

 

Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі – кемістігі 



бар балаларды тәрбиелеу. 

Тәрбие  –  педагогикалық  ұғымдардың  бірі.  Тәрбие  деп  мұғалімнің  және  тәрбиешінің,  ата-

аналармен  бірігіп,  мақсатты  түрде  жүргізетін  тәрбие  жұмыстарын  айтады.  Тәрбие  жайында  осы 

уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.  

Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық ӛмірге және еңбекке дайындау мақсатын 

кӛздеп,  жаңа  ұрпаққа  қоғамды  тарихи  тәрбие  беру  процесі  болып  табылады.  Тәрбие  ұғымы  кең 

мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі 

мекеме,  оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие 

процесі  –  күрделі  диалектикалық  процесс.  Жас  ұрпақ,  бойына  саналықты  қоршаған  ортаға  адам-

гершілікті  кӛз-қарасты,  мектеп  мақсатына  сай,  адамзат  тарихының  бай  процестерін  игеру.  Тәрбие 

процесі – ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты 

және ӛзара байланысты қызметі. 

Тәрбие  –  жағдайды  ұйымдастырудың  үрдісі,  сондықтан  жағдайды  ұйымдастыру  мақсатты  түрде 

болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, 

тәрбиенің мӛлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай 

жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді. 

Тәрбие  –  балалардың  жас  және  дербес  ерекшеліктеріне  дайындығы  мен  даму  дәрежесіне  лайық 

іске  асырылады.  Тәрбие  арқылы  балалардың  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  үшін  тәрбиелеп, 

тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. 

Демек,  тәрбие  алдын-ала  жасалған  арнаулы  жоспар  бойынша  мақсатқа  бағыттала  және  ұйымдас-

тырыла  жүргізіледі.  Сондықтан  да,  тәрбиешінің  ортадан  айырмашылығы  осындай  заңдылықтарға 

байланысты.  

Педагогика  тарихында  тәрбиенің  рӛлін  аса  артық  бағалаушылар  да  болады.  Д.Локк:  «Адамның 

кӛзқарастарымен  адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастырудағы  тәрбиенің  шешуші  рӛлін  мойындай 

келіп,  адам  тәрбие  арқылы  жетіледі!»  деген  сыңар  қорытындыға  келді.  Локк  бойынша,  бала  жаны 

табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол 

таза, ақ тақтаға жазуы тиіс. 

Бұл  жерде  Локк  тәрбиенің  рӛлін  аса  дәріптеп,  әлеуметтік  орта  тұқым  қуалаушылық  фактор-

ларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды. 

В.Г.  Белинский  бала  жаны  не  болса,  соны  жаза  беретін  таза,  ақ  тақта  емес,  оған  ӛмір  жазатын 

әріптер  тәрбие  мен  жазу  құралына  және  сол  тақтаның  сапасына  байланысты  деп  жазды.  Белинский 

тәрбиешінің  рӛлін  жоғары  бағалай  келе,  адамның дамуына  тұқым  қуалаушылықпен  ортаның  әсерін 

де ескерген жӛн деді 

Локк  пен  Белинскийдің  кӛзқарастары  бойынша,  адамды  адамның  қанауы  жағдайында  тәрбие 

арқылы  адамдарды  түрлі  дәрменсіздіктен,  кемістіктен,  кесірліктен  құтқаруға  болады.  Демек,  олар 

тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және  сапасын ӛзгертіп жӛндеуге болады деген 

жорамалды ойға әкелді.  

Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып 

жетілуіне  қажетті  материалдарды  іріктеп  алады,  айналадағы  табиғи  және  әлеуметтік  ортаға 

кӛзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-

ӛрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. 

Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.  

Енді  арнайы  мектептегі  тәрбие  мәселесіне  тоқталсақ.  Революциядан  кейін  арнайы  мектептер 

ашыла бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзге жуық арнайы мектептер бар. Бұл мектептерде орыс 

және  қазақ  тілдерінде  білім  беріледі.  Республикамыздағы арнайы  мектептер  балаларға  білім  беруде 

және  тәрбиелеуде  кӛптеген  жетістіктерге  жетті.  Арнайы  мектептің  педагогикалық  ұжымы  білім 

беруде және тәрбие дәрежесін кӛтеруге ӛз үлестерін қосты. 

Арнайы  мектеп,  жалпы  мектептің  тәрбиелік  міндеттері  бірдей.  Арнайы  мектептің  тәрбиелік 

проблемаларына оқушының жеке ерекшеліктері, кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, 

мәдениеттік  жағынан  жанұя,  кемістіктің  құрамы,  жас  ерекшеліктері,  тәрбиешілердің  арнайы 

білімдерінің жоқтығы жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет