Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
60
Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни
келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен
тәрбиешінің жұмысына байланысты.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және
дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек,
яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік,
адамгершілік. Есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты- тәрбиелеу және
білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін анамальды балалардың есту және сӛйлеу
дамуын ескеру қажет. Осы балаларды тәрбиелеу балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына,
тәрбие әдістеріне байланысты. Есту кемістігі бар балалардың мінез-құлқы ерекше болады, балалар
болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сӛздерін, ойларын толық жеткізе алмайды. Есту
қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және тәрбиелеуде, сонымен қатар түзету жұмыстарын
жүргізуде, танымдық процестері дамиды. Есту қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей
заңдылықпен дамиды. Осыған байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған
арнайы мектеп жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы мектептердегідей. Бірақ
арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін оқушылардың даму психикасының кейбір
жақтары ӛзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті зақымданған оқушыларға
арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту
зақымдықтарын ескере отырып құру қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды
шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене
отырып қолданады. Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды
ӛз бетімен ӛмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы
мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:
1. Күн тәртібін орындау.
2. Жекелеген қатынас.
3. Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
4. Жүйелі қадағалау.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша «Ең
бастысы – адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып
табылады». Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін
әрбір баланы жете танып, зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие процесін жүргізу үстінде
тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың
қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Есту кемістігі
бар балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады. Есту
кемістігі бар оқушылардың басты факторы – іс-әрекет болып табылады.
Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі тәрбиелеудің басты бағыты- еңбек
болып табылады.
Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.
1. Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білу, кӛп нәрсені үйрену қажеттігі жӛніндегі
мысалдармен танысады.
2. Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолғабыс тигізіп отырады.
Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде мұғалімдер сабақта кӛптеген кӛрнекіліктерді
пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды мемлекет ӛз қарамағына
алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу дәрежесін кӛтеру қажеттілігін кӛрсетті.
Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі оқытады және тәрбие-
лейді. Сынып жетекшісі – ӛзінің сыныбына тәрбие жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы
мектеп оқушылары қозғыш болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы
жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте
тәрбие тәрбие мазмұнының рӛлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-
құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті
зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап
қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс.
Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
|