Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы


GAME  APPLICATION  FEATURES



Pdf көрінісі
бет81/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110
file20191226084701

GAME  APPLICATION  FEATURES 

 

Abstract 

Play  therapy  is  a  method  of  meeting  and  responding  to  the  mental  health  needs  of  children  and  is 

extensively  acknowledged  by  experts  as  an  effective  and  suitable  intervention  in  dealing  with  children’s 

brain development. The article reviews the game therapy and its goals. As well as the features of using game 

therapy. 

Keywords: game therapy, goals, game features, physical minute. 

 

 




Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

68 


Ойын  балалардың  негізгі  іс-әрекеті  ретінде  психологиялық,  анатомиялық-физиологиялық, 

педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным кӛзі, тәрбиелік 

дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді. 

Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.  Макаренко  былай  деп  жазды:  «Бала 

ӛмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін  еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы 

болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, ӛскен соң жұмыста да кӛп жағынан сондай 

болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.  

Бүгінгі  күн  талабы  –  баланың  оқыл  ойын  дамыту,  ойлау  қабілетін  жетілдіру,  ӛзіндік  іскерлік 

қасиеттерін  қалыптастыру,  заман  талабына  сай  ойы  жүйрік  етіп  тәрбиелеу.  Сондықтан  да  баланың 

танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамтыудың,  бойында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізін  қалып-

тастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. 

Ойын  терапиясы  –  психикалық  дамудың  динамикалық  принципіне  негізделген  және  балаларда 

әртүрлі  ойын  материалдарынының  кӛмегімен  кӛңіл-күйдегі  стрессті  жеңілдетуге  бағытталған 

психологиялық әдіс. 

Ойын  бала  ӛмірінде  маңызды  орын  алатыны  бәрімізге  мәлім.  "Баланы  танып,  түсіну  үшін  оның 

ойын  әрекетін  бақылау  керек.  Ересек  адамдар  үшін  қарым-қатынас  құралы  тіл  болса,  бала  үшін 

қарым-қатынас құралы - ойын әрекеті болып табылады", – деп ХУІІІ ғасырда Жан-Жак Руссо айтып 

кеткен. 


Ойын  терапиясы,  ойын  формасы  түрінде  жеңілдетілген  күрделі  жұмыс.  Балалардың  мінез-құлқы 

және ойлау әрекеті ересектерге қарағанда ӛзгеше болғандықтан олармен жұмыс істеу барысында бұл 

ерекшелікті  ескеру  тиіс.  Кӛптеген  балалар  ӛздерінің  жеке  басында  қандай  да  бір  мәселелері  бар 

екенін  мойындағысы  келмейді.  Баланың психологқа  қаралуы  кӛбінесе  үлкендердін  (ата-ана,мұғалім 

т.б.) инициативасы болып табылады [1]. 

Баланың ойынын бақылау және оған қатысу -оның ой-ӛрісін түсінуге кӛмектеседі. Бала үшін ойын 

күрделі,  ӛте  мағыналы  әрекет,  баланың  дене,  психикалық  әлеуметтік  дамуының  негізі.  Ойын 

барысында бала ӛзін еркін ұстап мінез-құлқын түрлі жақтарын еркін пайдаланады.  

Ойын  балаға  сӛздердін  орнына  белгілік  жүйені  қолдануға  мүмкіндігін  береді.  Баланын  ӛмірлік 

тәжірбиесі,  оның  басынан  кешіргендері  жайлы  сӛзбен  жеткізгеннен  гӛрі  ойынында айқын  кӛрінеді. 

Және де ойын бала үшін - ӛзіндік терапияның бір формасы болып табылады.  

Ойын терапиясының негізгі мақсаттары: 

- диагноз қойғанда кӛмектеседі; 

- психолог пен бала арасындағы қатынасты орнатуға кӛмектеседі; 

- сезімдерін сӛз арқылы жеткізуге кӛмектеседі; 

- баланың эмоциялық қысымын жеңілдетеді; 

- баланың қызығушылық шеңберін кеңейтуі. 

Қазіргі  таңда  ойын  психотерапиясы  тек  психологиялық  тәжірибеде  ғана  емес,  педагогикалық 

тежірибеде де кеңінен қолдануда. 

Ойын терапиясы балалардың әртүрлі мәселелерін шешуге ӛте тиімді болып саналады, олар: 

- балалардағы невротикалық және соматикалық бұзылыстар; 

- ата-аналары ажырасқаннан кейін баланың кӛңіл-күйін кӛтеру; 

- науқас балалардын қобалжу деңгейін тӛмендету; 

-  психосоматикалық  аурулар  мен  ауырған  кезде  науқастың  күйін  жеңілдету  (бронха  астмасы, 

асқазанның ауруында т.б.); 

- мінез- құлқындағы агрессияны басу. 

С.А. Шмакова бойынша кӛптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп тӛмендегілерді айтуға болады: 

• Тек  қана  нәтижесінен  ғана  емес,  әрекет  үрдісінің  ӛзінен  де  ләззат  алу  үшін  баланың  тілегімен 

ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); 

• Елеулі  мӛлшерде  суырып  салмалық,  шығармашылық,  осы  әрекеттің  белсенді  сипаты 

(«шығармашылық аясы»). 

• Әрекеттің эмоцияналды кӛтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»). 

• Ойын  мазмұнын,  оның  дамуын  логикалық  және  мерзімдік,  уақыт  тұрғысынан  бейнелейтін 

тікелей және жаңа ережелердің болуы. 

Ойынның  сабақ  барысында  басты  мақсаты  –  білім  беруді  ойынмен  ұштастыру.  Баланың  ойынға 

белсенді  түрде  қатысуы  оның  ұжымдағы  басқа  да  әрекеттерін  айқындайды.  Ойын  бір  қарағанда 

қарапайым  құбылыс  не  әрекет  сияқты  болғанымен,  ол  ұжымдық  әрекет.  Ойын  арқылы  оқушы  неге 

үйренеді? 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет