Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
69
Қисынды ой-қабілетін дамытады
Ӛздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Сӛздік қоры баийды, тілі дамиды
Зейіні қалыптасады
Байқампаздығы артады
Ӛзара сыйластыққа үйретеді
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
Сабаққа қызығушылығы артады.
Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интел-
лектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін
байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, ӛз бетімен ойнайтын ойында мектеп
жасына дейінгі балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету
қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, ӛзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр
баланың жан дүниесіне қажетті тонусын кӛтереді, бұл ӛз кезегінде балалардың біріккен құрбы-
құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады [2].
Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп жасына дейінгілердің
негізгі әрекеті болып табылады. Мұнда жаңа прогрессивті әрекеттің түрлері туады және ӛзінің мінез-
құлқын еркінше басқаруын, ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастыруымен
байланысты. Ал екінші жағынан, ӛнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және
баланың үнемі ӛмірлік тәжірибесі молайып отырады.
Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді,
құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік-эстетикалық бағытының
әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Әртүрлі ойындарды баланың жас ерекшеліктеріне сай ӛз уақытында және дұрыс қолданғанда
"мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын" ӛз деңгейінде
шешуді қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге, әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбек-
теріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы ережені беріп
отырмыз:
1. Ойын – әртүрлі жастағы балаларды ӛз еркінше дамыту әрекетінің түрі.
2. Ойын – бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне
білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, ӛзін-ӛзі тануы және ӛзін-ӛзі кӛрсетуі белсенді
түрде жүзеге асады.
3. Ойын – мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының
қалыптасуының бастапқы мектебі.
4. Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.
5. Ойын – балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге
деген ӛзара қарым-қатынасы қалыптасады.
Ойын атаулы қай уақыттада оқушылардың қызығушылығын оятады. Ойындар таным үрдісін
жеделдетеді. Сабақта ойын сәтінде оқушылар ӛз сезімдерін басқаруға мүмкіндік алады, сонымен
қатар логикалық тұрғыдан ойлануға, ӛзіндік іс-әрекетін жоспарлауға үйренеді. Сӛйлеу арқылы ӛз
сезімін танытуға дағдыланады.
Зерттеулерге сүйене айтсақ сынып аралық ойындар тӛмендегіше бірнеше маңызды функцияларды
атқарады:
1. Зейінді дамытады.
2. Топтық, ұжымдық үлгідегі қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастырады.
3. Сергіту жалпы сыныпта және сабақ үстінде қалыпты жағымды атмосфера туғызады.
4. Оқушылардың бойындағы эмоциялық жүкті түсіреді.
5. Психотехникалық яғни ойлау іс-әрекеті үшін қажетті ӛзіндік физиологиялық қалып-күй
дағдыларын қалыптастырады.
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойын
балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала ӛмірден кӛптеген мәліметтер алады,
ӛзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы білім алады. Ойындар
арқылы дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
70
Психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, ӛскенде еңбекте сондай болады
дейді. Ойын адамның ӛмір танымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай
Құнанбаев: ―Ойын ойнап ән салмай, ӛсер бала бола ма?‖ – деп айтқандай бала ӛмірінде ойын ерекше
орын алады. Балалар ойвн барысында ӛздерін еркін сезінеді, іздемпаздылық, тапқырлық әрекеті
байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологиялық түсінікпен сезім
әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейне бір ӛмірдің ӛзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде
болады [3].
Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру мұғалімнің негізгі
міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сӛздік қорын дамытуға түрлі дағдымен шеберлікті
меңгеруге, қиындықты жеңуге, тӛзімділікке баулиды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Касымова Г.М. Развивающие игры в диагностике и коррекции психического развития детей
дошкольного возраста. – Алматы: Жан, 2000.
2 Балалар психологиясынан психологиялық тапсырмалар. – А., 1990.
3 Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы: Ы.Ал-
тынсарин атындағы қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 1999.
УДК 373.2-056.264
МРНТИ 14.35.01
А.К. Сатова
1
, Д.Р. Айдарбаева
2
1,2
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |