Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г.
75
қозғалыстың синхронизациясы жүреді. Сӛйлеу тілі эмоционалды кӛркемделеді (мұңды, кӛңілді,
ренішті, ашулы, таңданысты).
Келесі кезең – бұл «таяқшалы жазықтық театры». Үлкен ӛлшемдегі дайын қуыршақтарды бала
ширма үстінде ауыстырады және де ӛзі де қозғалыста болады. Сӛйлеу тілі қозғалыспен байланысады,
интонациямен кӛркемделеді, бір сценарийге біріктіріледі, бала мәтінді айтуда кезек сақтай отырып,
ӛзін-ӛзі басқарады.
«Би-ба-бо театры» диалогтық сӛйлеу тілін дамытудағы ең тиімді тәсіл. Сӛйлеу тілі мен саусақ
жұмысын сӛйлем құраумен кешенді жұмыс ӛте жақсы ықпал етеді, байланыстырып сӛйлеу тіліне оң
ықпал етіп, эстетикалық және тәрбиелік мәселелерді шешеді.
Режиссерлік ойындар – ертегілер желісі бойынша ойын-қойылымның бір түрі. Бұл ойында бала
бірнеше кейіпкерлердің рӛлін жалғыз ӛзі немесе жолдасымен «дыбыстайды». Қуыршақ немесе
суреттерді қозғалта отырып, ертегі желісі бойынша дыбыссыз диафильмдерді ертегілердің
диалогтарын дыбыстайды және сол арқылы жаттыға отырып, кейін балалар қойылымда ойнаса
болады. Алдымен балаларға таныс ертегілер («Мақта қыз бен мысық») қолданылады, кейін -
бағдарламада ұсынылған және балардың сӛйлеу мүмкіндіктеріне сай ертегілерді іріктеп алу қажет.
Логопед ертегілерді іріктеу арқылы диалогтың қандай да бір жағын меңгеруге ықпал етеді.
Балаларға ең қызықты және күрделісі «Сахналық театр». Бала ӛзі кейіпкер болған кезде, одан
толық концентрацияны талап етеді, ол мимика, пластика, ритмика кӛмегімен қозғалады, сондай-ақ
сӛйлейді. Балалар бет бет бұлшық еттерін барынша тырысып, жаттығатын, мимикалық жаттығу-
лардың толық кешенінде, дұрыс тыныс алуы, нақты дикция, интонация және артикуляция қа-
лыптасады. Жатталған мәтін қажет орнында айтылады, кезектілік сақталады және мұның барлығы бір
уақытта жүреді. Жұмыс барысында спектакль мәтіндері логопед талаптарына сай ӛңделеді, баланың
мүмкіндігіне байланысты сӛздер қосылады немесе алынады. Спектакльге қатысу – күрделі, бірақ
қызықты ӛте үлкен стимул беретін фактор.Сахналық сюжетті эмоционалды қабылдауды күшейту
үшін декорациялар қолданылады. Егер жақсы таңдалған сахналық әрлеу болса, онда балаға рӛлге ену,
сахнадағы болып жатқанның мәнін түсіну жеңіл болады [8].
Г.М. Лямина ойынша балалар ертегіні сахналағанда, театрландырылған қойылымдағы ойын-
дарында берілетін, жатталған әдеби диалогтары олардың санасында диалогқа қатысушысының
бейнесін қалыптастырады, диалогтік реплика мен диалогты жүргізу ережелерін жалпылайды [10].
Диалогтық сӛйлеу тілін дамыту сӛздік шығармашылықпен тікелей байланысты. Балалардың
қарым-қатынас әрекетіне белсенді ықпал ету үшін, яғни диалогтық сӛйлеу тілін дамыту үшін, ойын-
қойылымдар, оны сахналау кӛбірек келеді. Олардың әдеби шығармалармен байланысы балаларға ана
тілінің «үздік» үлгісін кӛрсетеді, ал оларды сахналаған кезде еркін диалогтар мектепке дейінгі
жастағы ЖСТД балаларды шынайы сӛйлеу қарым-қатынасына жақындатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Ковшиков В.А., Глухов В.П. Психолингвистика. Теория речевой деятельности психологов. –
М.:
Астрель, 2007. – 224 с.
2 Лалаева Р.И., Серебрякова Н.В. Коррекция общего недоразвития речи. – СПб., 2006 .
3 Выготский Л.С. Мышление и речь. // Собр. соч. В 6-ти т. Т.2. – М.: Педагогика, 1982. – 504 с.
4 Жукова Н.М., Мастюкова Е.М., Филичева Т.Б. Логопедия. Преодоление общего недоразвития
речи у дошкольников. – Екатеринбург: АРД ЛТД, 1998. – 320 с.
5 Иванова В.А. Организация театрализованной деятельности в детском саду через речевое
развитие детей // Актуальные задачи педагогики: материалы II междунар. науч. конф. (г. Чита,
июнь 2012 г.). – Чита: Издательство Молодой ученый, 2012. – С.46-48.
6 Рузская А.Г. Развитие общения ребѐнка с взрослыми и сверстниками // Дошкольное
воспитание. – 1988. – №2. – С.44-49.
7 Богуславская З.М. Развивающие игры для детей младшего дошкольного возраста: Книга для
воспитателя детского сада. – М.: Просвещение, 1991.
8 Артемова Л.В. Театрализованные игры дошкольников. – М.: Просвещение, 1992.
9 Жога Л.Н., Саяпова Н.Г., Епреева Е.Ю., Овчинникова Е.В., Рукосуева Л.А. Театрализованная
деятельность как средство коррекции речевых нарушений в условиях специального детского сада //
Журнал «Логопед» №4, 2007.
10 Лямина Г.М. Развитие речи ребенка раннего возраста. – М.: Айрис-Пресс, 2009. – 112 с.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж.
76
УДК 373.6
МРНТИ 14.29.27
Достарыңызбен бөлісу: |