Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет78/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

65 


Тәрбие  әдісі  тәрбиенің  мақсатына, принциптеріне  және  мазмұнына  балалардың  жас  және  дербес 

психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты.  

Естімейтін  және  нашар  еститін  балаларға  арналған  мектептердің  тәрбие  әдістері,  тәрбие 

жұмысының мақсаттарымен және мазмұнымен анықталады. 

Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушылардың мінез-құлқын қоғамдық нормаға 

үйретуге,  адамдармен  қарым-қатынас  жасауға  және  олардың  іс-әрекетіндегі  құнды  тәжірибелерін 

пайдалануға бағытталуы қажет.  

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің 

тәсілдері мен құралдарын қолданады. 

Қазіргі  кезде,  жалпы  мектептер  сияқты,  арнайы  мектептердің  тәрбие  әдістерін  жіктеудің  оннан 

астам түрі бар. 1жіктеу (3 топ). 

1-топ.  Тәрбиеленушілердің  іс-әрекетіндегі,  қарым-қатынастағы,  мінез-құлқындағы  жағымды 

тәжірибені  қалыптастыру  әдістері:  талап,  қоғамдық  пікірлер,  үйрету-жаттықтыру,  арнайы  тәрбиелік 

ситуация.  Мысалы:  естімейтін  немесе  құлағы  нашар  еститін  балаларды-  борыштық  сезімге, 

жауапкершілікке,  белсенділікке  жаттықтыратын  ӛндірістік  бригада,  шефке  алу  жұмыстары  болып 

табылады. 

2-топ.  Жеке  адамның  сапасын,  мысалы,  ұғым,  баға  беру,  пайымдау,  пікір  айту,  сендіру  сияқты 

ұғымдарды  естімейтін  және  нашар  еститін  балалардың  санасында  қалыптастыру.  Бұл  топтың 

әдістері:саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар т.б. Бұл әдістердің естімейтін және 

нашар  еститін  оқушылар  санасына  ықпал  жасауда  маңызы  ӛте  зор.  Осы  тұрғыдан  естімейтін  және 

нашар  еститін  балаларды  ӛмірдің,  еңбектің  қоғамдық  нормасына  қалыптастыру  қажет.  Ал,  бұл 

балаларға осы нормалар жӛнінде білімді пайымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай естімейтін 

және нашар еститін балалардың ӛмірлік поэзиясын, яғни кӛзқарасын сипаттайды. 

Естімейтін  және  нашар  естиітн  оқушылардың  санасын  тұрақты  қалыптастыру  үшін,  кӛбінесе 

педагогтармен  тәрбиешілер  әңгіме  әдісін  қолдануды  жӛн  кӛреді.  Мұндай  балалар,  яғни,  естімейтін 

және  нашар  еститін  балалар  әңгіме  әдісінде  саяси,  эстетикалық  мәселелерді  талдауға  белсене 

қатысады. Олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. 

Әңгіме  әдісін,  естімейтін  немесе  нашар  еститін  балаларды  іске  асыру  үшін,  педагогтар  мен 

тәрбиешілер, мына келесі талаптарды есте сақтауы қажет. 

1. Тақырыптың кӛкейкестігі, яғни ӛмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс. 

2.  Әңгіменің  мазмұны  естімейтін  және  нашар  еститін  балалардың  жас  ерекшелігіне  сәйкес 

баяндалуы қажет. 

3. Әңгіменің тақырыбына сәйкес, техникалық құралдар, тиімді кӛрнекілікті пайдаланған жӛн. 

4.  Сӛздік  дайындық  жұмысы,  жоспар,  уақыты  мен  ӛміріне  байланысын,  пікірталас  әдісін,  біз, 

естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жоғарғы сыныптарындағы оқушыларға 

ӛз пікірін айтуын, баға беруін сенімін қалыптастыруға қолданамыз. 

Пікірталас  тақырып  бойынша,  естімейтін  және  нашар  еститін  оқушы  ӛзінің  кӛз-қарасын,  ойын 

дәлелдейді.  Сонымен  бірге,басқаның  пікірін  тыңдауға  үйренеді,  келісу  немесе  таласу  пікірлері  де 

пайда болады. 

Естімейтін  және  нашар  еститін  оқушыларға  арналған  мектептерде  пікірталас  оқушыларды 

қателікпен, жалған кӛзқарастармен күресуге , түзетуге бағытталған.  

Естімейтін  және  нашар  еститін  оқушылардың  ойлану  сапасын  жақсартуға,  талаптануға,  ойлау 

процесін  түзетуге,  тиіс  кемістігін  жоюға,  сӛз  қорын  байытуға  мақсатталған  бірден-бір  әдіс-  пікір-

талас. 


3-топ.  Мадақтау  және  жазалау  әдістерін-  естімейтін  және  нашар  еститін  балаларға  арналған 

мектепте  ӛткізілетін  тәрбиелік  шаралардың  сапасын  және  тиімділігін  арттыру  үшін,  кейде 

адамгершілік тәрбиесішісінің әдістері кӛмектесуді  қажет  етеді. Бұл жағдайда мадақтау мен жазалау 

әдістері пайдаланылады. 

Мадақтау – тәрбиеленушіні іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандыру. 

Жазалау  –  бұл  балаға  қоғамдық  талап  қою,  оның  мінез-құлқында  байқалатын  теріс  қылықтарды 

тежеу  тәсілдері.  Жазалау  үшін,  оның  шындығын  толық  білу  керек,  сонымен  бірге,  ұжым  пікірі 

жазалау жайында болғанда ғана, баланы жазалауға болады. 

Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептен тәрбие жұмысында әдістерді таңдап 

алу  оқушылардың  жас  және  психологиялық,  дене,  дербес  ерекшеліктеріне,  ӛмір  тәжірибесіне, 

кемістіктің  күрделілігіне,  құрамына  тәуелді.  Сондықтан  естімейтін  және  нашар  еститін  балаларға 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы №4(59) 2019 ж. 

66 


арналған  мектепте  жүргізілетін  тәрбие  жұмысында  әр  баланың  жеке  даму  ерекшелігін  еске  алған 

жӛн. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің тәрбие принциптері.  

Тәрбие принциптері – тәрбиеші басшылыққа алуы тиіс тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын 

бейнелейтін бастапқы ережелер. 

Тәрбие принциптері бірнеше түрге бӛлінеді: 

1.  Тәрбиенің  идеялылығы,  мақсаттылығы.  Тәрбиенің  алдына  қоғам  болашағына  берік  сенімі  бар 

азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. 

2.  Тәрбиенің  ӛмірмен,  еңбекпен  қоғам  құрылысының  практикасымен  байланыс  принципі.  Бұл 

принциптің  мәні  –  қоғамның  экономикалық,  әлеуметтік  және  рухани  қатынастарын  ӛмір  шын-

дығының моралі және әсемділікке кӛзқарасын тәрбие ісінде қолдау болып табылады. Осы принципті 

жүзеге  асыру  оқушыларды  ӛмірге,  еңбекке,  мамандықты  таңдауға,  толық  дайындауының  шынайы 

алғышартын жасайды.  

3. Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. 

4. Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптармен кӛрсетілетін құрметтің бірлігі. 

5. Тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі. 

6. Тәрбиенің оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. 

Осы естімейтін және нашар еститін балаларға арналған тәрбиенің мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің 

басты  мақсаты  –  әлеуметтік  сарыны  кемтар  балалардың  кемістіктерін  жою,  оларды  әр  тарапты 

дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1 Диагностика эмоционально-нравственного развития / Ред и сост. И.Б. Дерманова. – СПб.: Речь, 

2002.  176 с. 

2  Мельникова  Н.В.  Развитие  нравственной  сферы  личности  дошкольника.    СПб.:  Изд-во 

«Алматея», 2008.  336 с. 

3  Никитина  М.И.,  Ленин  Г.Н.,  Пономорева  З.А.  Воспитание  младших  школьников  с  нарушением 

слуха. – Санкт-Петербург, 1996. 

4 Петшак В. Эмоциональное развитие глухих детей. Дис. доктора пс.наук. – М., 1991. – 308 с. 

5 Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: учеб. для студентов пед. вузов: в 2 кн. – Ms., 1999. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет