Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет87/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

73 


- әр түрлі тақырыпта әңгіме айта алу, ұсынылған тақырыпта сӛйлесе алуы, қайтадан сұрау, ӛзінің 

кӛзқарасын дәлелдеу, әңгіме тақырыбына ӛз қарымқатынасын білдіре алуы; 

-  жағымды  тонмен,  қалыпты  дауыс  күшімен,  сабырлы  сӛйлеу,  мимика  мен  ым-ишараны  қолдана 

алуы; 


-  сӛйлеу  тілінің  әр  түрлі  әдебін  меңгеру,  оларды  ескертусіз  қолдану  (сӛйлеу  барысында  басты 

салбыратпау,  тыңдаушы  кӛзіне  қарау,  ауызда  тамақ  толып  тұрғанда  сӛйлемеу,  ересектердің  сӛзіне 

араласпау); 

- жұпта, 3-5 адам тобында, ұжымда сӛйлесе алуы [5]. 

Әдебиеттерге талдау кӛрсеткендей, бұл мәселе жеткілікті қарастырылған, алайда мектепке дейінгі 

жастағы ЖСТД балалардың диалогтық сӛйлеу тілін қалыптастыруда дәстүрлі тәсілдер мен әдістерді 

жетілдіру және ықпалы жоғары ғылыми негізделген жолдарды іздеу қажеттілігі бар. 

Бұл жағдайда театрландырылған ойындар сӛйлеу тіліне монотонды, қызық емес жұмыс барысын 

қызықты  және  тартымды  ойынға  ауыстырып,  жалпы  сӛйлеу  тілі  дамымаған  балаларға  кӛмек 

кӛрсетудің керемет тәсілі болып табылады.  

А.Г.  Рузская  зерттеулері  бойынша,  диалогтық  сӛйлеу  тілін  дамытудың  бір  шарты  сӛйлеу  тілі 

ортасын  қалыптастыру,  ересектер  мен  балалардың,  балалардың  бір-бірімен  ӛзара  әрекеті  болып 

табылады [6]. 

Ойын  –  балаға  білім  мен  эмоция,  әсерлерін  білдіру  мен  ӛңдеудің  ең  қолжетімді  және  қызықты 

тәсілі (А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Д.Б. Эльконин и др.). Сонымен қатар, ойын - бұл 

сӛйлеу  қарым-қатынасына  түсудің  негізгі  және  табиғи  тәсілі.  Шын  мәнінде,  театр  да  ойын,  алайда 

басқаруға, оны білім беру және тәрбиелік үдеріске бағындыруға болaтын, сол арқылы балалардың әр 

түрлі  мәселелерін,  соның  ішінде  сӛйлеу  тіліне  қатысты  да  шешетін,  сӛйлеу  тілімен  болатын  ойын. 

Театрландырылған ойын соның бір түрі ретінде мектепке дейінгі жастағы ЖСТД балалардың, әдеби 

немесе  фольклорлы  туындының  рухани  жағын  түсіну  және  ұжымдық  сипатқа  ие,  яғни  серіктестік 

сезімінің  дамуына  және  позитивті  ӛзара  әрекет  етудің  тәсілдерін  меңгеруге  жағымды  жағдайлар 

тудыратын,  ойынға  қатысу  барысында,  бұл  әлеуметтенуінің  нәтижелі  құралы  болып  табылады. 

Театрландырылған  ойында  эмоционалды  даму  жүзеге  асады:  балалар  кейіпкерлердің  сезімдерімен, 

кӛңілкүйлерімен,  танысады,  оларды  сыртқа  білдірудің  тәсілін  меңгереді,  сол  немесе  басқа  ниеттің 

себебін түсінеді. Ал, театрландырылған ойындардың байланыстырып сӛйлеу тіліне ықпалы ӛте зор.  

З.М.  Богуславская  ойынша,  ұйымдастырылған  театрлық  ойындарға  қатысу  тәжірибесін  балалар 

ӛзіндік  театр  ойындарында,  қуыршақтарды,  костюмдерді,  декорация  элементтерін  қолдана  отырып 

ертегі  желісі  бойынша  рӛлдік  диалогтарды  ойнап  қолданады.  Мұнда  ертегі  желісі  мен  қойылымды 

бірге ойнау балаларға ӛзара әрекет, бір бірімен қарым-қатынаста қуаныш алуға мүмкіндік береді [7]. 

Рӛлді  ойнай  отырып,  бала  құрдастарының  назарында  болады,  оның  сӛзін  бӛлмейді,  ӛзін-ӛзі 

белсендендіруге мүмкіндік береді – осыдан ӛзіне деген сенім пайда болады, ӛзін-ӛзі бағалауы артады. 

Ол  ӛзіне  қызық  іс-әрекетпен  айналысады  (ойнайды),  нәтижесінде  қойылған  міндеттер  тез  және 

нәтижелі шешіледі.  

Театрландырылған  ойындарға  тән  ерекшеліктер  олардың  әдеби  немесе  фольклорды  негізі  және 

кӛрермендердің  болуы  болып  табылады  (Л.B.  Артемова,  Л.В.  Ворошнина,  Л.С  Фурмина және  т.б.). 

Оларды  екі  үлкен  топқа  бӛлуге  болады:  драматизация  және  режиссерлік  (ӛз  кезегінде,  бұлар  да 

бірнеше түрге бӛлінеді) [8]. 

Драматизация  ойындарында  бала  «әртіс»  рӛлін  сомдай  отырып,  вербалды  және  вербалды  емес 

кӛркемдік құралдар кешені арқылы бейнені ӛзіндік орындайды. Драматизация түрлері жануар, адам, 

әдеби  кейіпкерлер  бейнесін  ойын-имитациялау;  мәтін  негізінде  рӛлдік  ойындар;  туындыларды 

сахналау;  бір  немесе  бірнеше  туынды  бойынша  спектакль  қою;  алдан-ала  дайындалмай  сюжетті 

ойнаумен ойын-импровизациялау.  

Ойын-драматизация  –  диалогтық  біліктердің  қалыптасуы  мен  бекітудеге  тың  аймақ  болып 

табылады. ойын-драматизациядағы рӛлдік диалогтар балалар диалогының даму кӛрсеткіші ғана емес, 

сондай-ақ  ойын-драматизацияның  ӛзінің  дамуының  кӛрсеткіші  болып  табылады.  Ойында  диалог 

неғұрлым бай және алуын түрлі болса, балалардың ойын шығармашылық деңгейі соғұрлым жоғары 

болады.  Ойындық  ӛзара  әрекетті  дамыта  отырып,  логопед  балалар  ойын  мақсатты  түрде  дамытып 

ғана  қоймай,  диалогтық  сӛйлеу  тілінің  барлық  жағын  қалыптастырады.  Сонымен  қатар,  кері 

байланыс,  балаларда  диалогтық  репликалардың  барлық  функционалды  түрлерімен  қолдана  алуын 

және диалогты жүргізу ережесін сақтауды дамыта отырып, логопед ойын-драматизациясын дамытуға 

ықпал етеді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет