Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- ХАЛҚЫМЫЗҒА РУХАНИ ЖОЛ КӨРСЕТЕТІН



Pdf көрінісі
бет109/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ- ХАЛҚЫМЫЗҒА РУХАНИ ЖОЛ КӨРСЕТЕТІН 
НАҚТЫ БАҒДАР 
 
Мусралинова Даметкен Советхановна 
Алматы қаласы Әуезов ауданы 
№141жалпы білім беретін мектебі 
 
Көшбасшымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
халықтан  қызу  қолдау  тапқан  кешегі  тұғырнамасын  ширек  ғасырды  артқа 
тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің 
жаңа  бастауы  деп  бағалауымыз  керек.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаевтың  бұл  мақаласы  ел  дамуының  жарқын  үлгісі  мен  нақты 
қадамдарын  көрсететін  келелі  ой,  салиқалы  пікір,  батыл  шешімдерге 
құрылған  маңызды  құжат.  Бұл  мақалада  сананы  жаңғырту,  ұлттық 
болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен 
үйлестіріп,  Қазақстанның  игілігіне  жарату  жолындағы  мақсат-мүдделер 
туралы  өзекті  мәселе  көтеріліп  отыр.  Онда  ел  Президенті  Қазақстан  үшін 
қайта  түлеудің  айырықша  маңызды  екі  үдерісі  –  саяси  реформа  мен 
экономикалық  жаңғыруды  қолға  ала  отырып,  Біртұтас  Ұлт  болу  үшін 
болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні 
жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. 
Мемлекет  басшысы  аталмыш  жаңғырудың  негізгі  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  ой  жүгіртіп,  бұл  жаңғырудың  маңыздылығына  тоқталады: 
«Жаңғыру  атаулы  бұрынғыдай  тарихи  тәжірибе  мен  ұлттық  дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен  озық 
дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу 
қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр  ала  алмаса,  ол 
адасуға  бастайды.  Сонымен  бірге,  рухани  жаңғыру  ұлттық  сананың  түрлі 
полюстерін  қиыннан  қиыстырып,  жарастыра  алатын  құдіретімен  маңызды». 
Саяси,  экономикалық  реформаларда  егеменді  еліміз  бірқатар  жақсы 
нәтижелерге  қол  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Ол  адами  құндылықтар,  рухани 
қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу 
жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. 
Бұл  дегеніміз  –  ұлтымыздың  барлық  ұлттық  салт-дәстүрлерін,  мемлекеттік 


237 
 
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген 
асыл  ұғымға  келіп  саяды.  Елбасымыздың  рухани  жаңғыруға,  руханиятқа, 
білім,  ғылымға  маңыз  беруі  –  үлкен  көрегендік  пен  ұлттың  алға  ілгерлеуін 
жылдам  қарқынмен  жылжытатын  қозғаушы  күш.  Бұл  –  тәуелсіз  еліміздің 
бақытты  болашағы  мен  алаңсыз  келешегі  үшін  жасалып  жатқан  жұмыс. 
Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, 
әрбір  жеке  тұлғадан  құралған  қоғам,  туған  еліміз  үшін  де  өте  маңызды 
үдеріс. 
        Н.Ә.Назарбаев  бұл  ретте,  тұтас  қоғамның  және  әрбір  қазақстандықтың 
санасын  жаңғыртудың  бірнеше  бағытына  жеке-жеке  тоқталады.  «Сананы 
жаңғыртудың»  мазмұнын  негіздей  отырып,  Президент  жаңғырудың  алты 
бағытын белгілейді: 
1. Бәсекеге қабілеттілік; 
2. Прагматизм; 
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 
4. Білімнің салтанат құруы; 
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 
6. Сананың ашықтығы. 
       Аталмыш  бағыттардың  бәрі  барынша  өзектендірілген  және  уақыттың 
талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай 
қажетті  қасиеттер  мен  құндылықтардың  қайнары  тоғысып,  ақыл-парасаты 
толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, 
бәсекеге  қабілетті  болатыны  ақиқат.  «Болашақта  ұлттың  табысты  болуы 
оның  табиғи  байлығымен  емес,  адамдарының  бәсекелік  қабілетімен 
айқындалады…         
Сондықтан,  әрбір  қазақстандық,  сол  арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға 
лайықты  қасиеттерге  ие  болуы  керек. Мысалы,  компьютерлік  сауаттылық, 
шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына 
сөзсіз  қажетті  алғышарттардың  санатында.  Сол  себепті,  «Цифрлы 
Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» 
сияқты  бағдарламалар  –  ұлтымызды,  яғни  барша  қазақстандықтарды  ХХІ 
ғасырдың  талаптарына  даярлаудың  қамы»,  –  деп  ашып  көрсетеді.  Бәсекеге 
қабілеттілік  саясат  пен  экономикада,  білім,  ғылымда,  технологияда,  яғни 
барлық  салада  болуы  тиіс. Латын  әліпбиіне  көшу –  Мәңгілік  Елдің  рухани 
жаңғыруының  басы  болса, «Туған  жер»  бағдарламасы  жаңа  ғасырдағы 
әлемдік,  өңірлік,  ішкі-сыртқы  тәуекелдерге  қарсы  тұра  алатын  отаншылдық 
тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. 
Жас  буын  өкілдері  халықтың  игі  дәстүрінен  тәлім  алып,  елжандылық, 
патриоттық  қасиеттерді  бойына  сіңіріп  өсу  үшін  нақ  осындай  бағдардың 
маңыздылығы зор. 
Еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  «Қазақстандық  патриотизм» 
ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған 
жер,  ел,  атамекен,  туған  өлке  туралы  түсініктер  оқу-тәрбие  үрдісінде, 
сабақтан  тыс  іс-шараларда  Отансүйгіштік  сезімді  дамытуға,  ұлттық  салт- 


238 
 
дәстүрді  сақтау,  мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу  сияқты  сезімдерді 
оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда. 
Ең бастысы - жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік 
сезімін  қалыптастыру.  Жастар  тәрбиесіндегі  басты  ұстаным  -  өзін-өзі 
басқаруға  мүмкіндік  беріп,  еркіндікті,  сөз  бостандығын,  пікір  бостандығын 
сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу. 
Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  өскен  ауылыңа,  қалаң  мен 
өңіріңе  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Сол  себепті  мен  «Туған  жер» 
бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта 
тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс. 
Елбасымыздың «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру» атты  мақаласы  - 
қоғам  дамуына  тың  серпін  беріп,  барша  қазақстандықтардың  жаппай 
қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, 
лайықты жүзеге асыру - баршамыздың міндетіміз. 
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, 
бірнеше  міндеттерді  айқындап  берді.  Оның  ең  негізгісі  ұлттың  терең 
тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз 
бен  озық  дәстүрімізді  табысты  жаңғырудың  алғышартына  айналдыра  білу. 
Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға 
сіңген,  бүгінде  тамырымызда  бүлкілдеп  жатқан  ізгі  қасиеттерімізді  қайта 
түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті. 
«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде 
екі  нәрсенің  басын  нақты  ашып  беріп  отыр.  Оның  бірі  ұлттық  код,  ұлттық 
мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға 
басу  үшін  ұлттың  дамуына  кедергі  болатын  өткеннің  кертартпа  тұстарынан 
бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра 
білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол. 
            Рухани  жаңғыруда  қойылып  отырған  маңызды  мәселенің  бірі 
«сананың  ашықтығы».  Жаһандану  үрдісіндегі  басты  талап  әлемдік  тілдерді 
игеруге  ұмтылу.  Бұл  біздің  ғаламдық  үрдіске  толыққанды  араласуымызға 
жол  ашады.  Әлемдік  озық  тәжірибе  мен  жетістіктерге  қол  жеткізуімізге 
мүмкіндік туғызатыны анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет