Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет111/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы/  Астана: 
Елорда 
2.Әлімов  А.Қ.  Интербелсенді  әдістемені  мектепте  қолдану:  Оқу 
құралы/Алматы, 2015ж 


242 
 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ЖАҢА БИІКТЕРДІҢ БАСТАУЫ 
 
Оспанова Айнұр Қазыбекқызы 
Түркістан қаласының Балалар мен жасөспірімдер  
Орталығының үйірме жетекшісі 
 
Тәуелсіздік  алған  26  жыл  ішінде  біздің  халық  қай  жағынан  болса  да 
толысты,  кемелденді.  Талай  сындарлы  кезеңдерден  сүрінбей  өтіп,  дамудың 
даңғыл  жолына  түскен    Қазақстанның  бүгінде  жеткен  жетістігі  аз  емес. 
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәні 
терең, мазмұны бай бағдарламалық  мақаласын түсіне отырып, еліміздің кез 
келген    азаматы      жаңашыл  ойлап,    ұлттық  сананы  жаңғыртуға,  бәсекелік 
қабілетті  арттыруға,  ұлттық  бірегейлікті  сақтауға,  туған  жер  қадірін 
арттыруға,  туған  жердің  көсегесін  көгертуге  үлес  қосуы  керек.  Бұл  мақала  
қазақ  халқының  болашағына  деген  үлкен  бағыт-бағдар,  бүгінгі  жастардың 
ертеңгі күні атқаратын ісі. Жалпы бүгінгі қоғамның қызу талқысына алынған 
Елбасының  мақаласы  әр  тараптан  қолдау  табуда.  Елбасы  қойып  отырған 
міндеттер  Тәуелсіз  Қазақстанымыздың  одан  әрі  өркендеуіне  тың  серпін 
бермек. 
Мемлекет  басшысы    Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру»  атты  мақаласы  бұл  –  бүкіл  ел  мәдениетінің  рухани  тарихын  дәл 
өлшеп, еліміз рухани жаңғыру арқылы болашаққа  бағдар жасауға талпынуға 
бағыт  сілтейді.  Рухани  жаңғыру    –  әділетті  қоғамға  жеткізетін  заманауи 
бастама.  Елбасы  терең  ой  салып,  ұлттық  сана  туралы  айта  келіп,  ұлттық 
болмыстың өзегін сақтап, адами құндылықтар, жастарды тәрбиелеу, олардың 
бойына патриоттық  рухты сіңіре білу жұмысында рухани  салаға басымдық 
берудің қажеттілігін алға қойды.  Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы 
мен жарқын  келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс.  
Баланы  тәрбиелеудегі  басты  мақсат  –  оны  жан-жақты  кемелдендіріп, 
қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыруда қазақтың тәлім-тәрбиесі 
–теңдесі жоқ даналық, қасиетті мектеп. 
         «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында  «Абайдың 
даналығы, 
Әуезовтің 
ғұламалығы, 
Жамбылдың 
жырлары 
мен 
Құрманғазының  күйлері,  ғасырлар  қойнауынан  жеткен  бабалар  үні»  сияқты 
«ұлттық  салт-дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз,  жорал-
ғыларымыз,  бір  сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі  қалуға 
тиіс», деп айқын көрсетілген болатын. 
Олай болса, бабалар ілімі  болашақта қазаққа ғана емес күллі адамзатқа 
қажет.  Елбасы    сөздерін  өмірлік  мақсаттарына    енгізе  отырып,  еліміздің 
рухани тұрғыдан  дамуына  үлесін  қосып, тәрбие  ісін дұрыс жолға қойсақ  
болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болары  күмәнсіз, кемел  дегеніміз 
- болашақ  ұрпақ, олардың даңғыл жолы. 


243 
 
Елбасы  көрсеткен  тың  жобаларды  жастардың  санасына  сіңіруде 
балалар мен жасөспірімдер орталығының  ұстаздары өскелең ұрпаққа сапалы 
білім  мен  тәрбиені  қатар  беруде  түрлі  жұмыстарды  алып  баруда. 
«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен  ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, 
яғни  туған  жеріңе  деген  сүйіспеншіліктен  басталады».  Мақалада  Елбасы 
«Туған  жер»  бағдарламасын  ұсынды.    Туған  жер  шежіресін,  салт-дәстүрін, 
әдет-ғұрпын,  мәдениетін  жақсы  білетін  жалынды  патриот  жастардың 
жаңғыру  жолы басталды. Отансүйгіштіктің негізгі діңгегі туған жерге  деген 
махаббаттан  басталады.  «Туған  жерді  сүю  –  парыз,  сүю  үшін  білу-  парыз» 
Әрине,  әркімнің  өз  жері    өзіне  ыстық.  Түркі  халықтарының  көне  Күлтегін 
ескерткішіндегі  «Түркінің  қасиетті  жер  суының  қарғысына    қалма!»  деген 
сөздері  тасқа  қашалып  жазылған  тегін  емес.  Осы  тұста,  туған  өлкеміз  ұлы 
түркі дүниенің қара шаңырағы, қазақ даласының рухани төрі, имандылық пен  
ізгіліктің  алтын  бесігі  Түркістан  қаласы  құтты,  қасиетті  мекеніміз  екенін 
мақтанышпен айта аламыз. Түркістан тұнып тұрған тарих. Түркістан аймағы 
тарихи-мәдени  ескерткіштерге  толы,  туризм  саласына  да  ерекше  сілкініс 
әкелетін  нағыз  руханияттың  озық  ордасы.  Ұлттық  рухымызды  асқақтатын  
төл  тарихымыз  айқын,  төрге  озды.  Мемлекет  басшысының  мақаласындағы 
«Туған  жер»,  «Қазақстанның  қасиетті  рухани  құндылықтары»немесе 
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»  жобалары бойынша  тарихи –
өлкетану, музыкалық, өнер, кәсіби бағдар, экологиялық, спорттық, заманауи 
бағыттары бойынша жұмыстар жүзеге асырылып, ұстаздардың бойтұмарына  
айналды. 
Мемлекет 
басшысының 
мақаласындағы 
«Туған 
жер», 
«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»немесе «Қазақстанның киелі 
жерлерінің географиясы»  жобалары бойынша тарихи –өлкетану, музыкалық, 
өнер,  кәсіби  бағдар,  экологиялық,  спорттық,  заманауи  бағыттары  бойынша 
жұмыстарды  жүзеге асыру. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласындағы  «Туған  жер»  бағдарламасының  «Тәрбие  және  білім»  кіші 
бағдарламасын  іске  асыру  бойынша  балалар  мен  жасөспірімдер 
орталығының атқаратын  жұмыс жоспарын  жүзеге асыру.  
Туған жер  арнайы  жобасының  «Тәрбие және  білім» кіші  бағдарламасының  
4 -базалық  бағыты 1) өлкетану, 2) Отаным – Тағдырым, 3) «Саналы  азамат»  
4)  «Кітап  -  білім  бұлағы»  бойынша    кіші  жобалар  бойынша  жұмыстар 
жүргізу. 
Жаңғыру  баянды  болашаққа  жетелейді. Екі  тарау  мен  алты  тармаққа, 
алты  тапсырмаға  құрылған  Елбасы  бағдарламасы  –  рухани  кеңістігіміздің 
жаңа жаңғыруы. Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының 
негізі.  Ұлт  көшбасшысының  өскелең  ұрпаққа  меңзеген  дара  жолымен, 
рухани  жаңғырудың  негізгі бағыттары  ұлттық сананы айқындайтын және 
қоғамдық сананы өзгерту жолдарының  жалпы бағыттарымен  ұжым  жұмыс 
жасайды. 
Елбасы  мақаласында  ерлердің  есімін ел  жадында  сақтауға ықпалын  
тигізетін    мәселе  айтылған  еді.  Өз  сөзінде  Ұлт  мақтанышы  біздің  бұрыңғы  


244 
 
өткен  батыр  бабаларымыз, данагөй билеріміз    жырларымыз ғана  болмауға 
тиіс.    «Мен  бүгінгі    замандастарымыздың    жетістіктерінің  тарихына    назар  
аударуды  ұсынамын.  Бұл  идеяны «Қазақстандағы  100 жаңа есім»  жобасы  
арқылы  іске асырған жөн» деген еді. Барды бағалай білу,елге ерен еңбегімен
һәм  ерлігімен  танылған  тұлғаларды  әспеттеу,  олардың  есімдерін  халық 
санасына  сіңіру  азаттықтың  ақ  құсындай  болып  басымызға  қонған  бақты 
ұстап  тұрудың  бір  көрінісі  болса  керек.  Бірнеше  айға  созылған  іріктеу  мен 
жалпы  халықтық  дауыс  беру  қорытындысы  бойынша  «Жүзден  жүйрік, 
мыңнан тұлпар» атанып халықтың сүйіспеншілігіне және Елбасымен кездесу 
мәртебесіне  ие  болған  жандардың  арасында  үздік  шыққан  жүздіктің 
қатарында ордалы оңтүстіктің  ғана емес, бүкіл қазақтың мақтанышы болған, 
бабадан балаға  мұра болған, қазақ айтысының арыстанына  айналған белгілі 
айтыскер  ақын,  «Құрмет»  орденінің  иегері,  білім  саласын  басқарған 
қайраткер  Бекарыс  Ақсақалұлы  Шойбеков  бүгінгі  «Түркістан  Балалар  мен 
жасөспірімдер  орталығының»  басшысы    біздің  ұжым  үшін  және  өресі  биік 
өнерпаздар  мен  ата-аналар  үшін  үлкен  құрмет.  Өз  ортамызда  осындай 
тұлғаны  ұрпағымызға  үлгі  етсек,  өскелең  ұрпақ  та    өнегелі  болып  өсері 
ақиқат.  Елбасы  көрсеткен  тың  жобаларды  жастардың  санасына  сіңіруде 
балалар мен жасөспірімдер орталығының  ұстаздары өскелең ұрпаққа сапалы 
білім мен тәрбиені қатар беруде  жұмыстарды жүргізеді.  
Түркі әлемінің рухани кіндігі атанған Түркістанда, ірі мәдени шаралар 
өтіліп  ғасырларға    рухани  азық  болар  дүниелер  ұрпаққа  үлгі  екені  анық. 
Қасиетті  өңірімізде  жұдырықтай  жұмылып  Тәуелсіз  елдің  бақытты 
ұландарын,  егемен  елдің  еңселі  азаматтарын  білімді,  ақылды,  парасатты, 
иман жүзді, ер жүректе батыл ұрпақ  тәрбиелеу – парызымыз. Аталар  аманат 
еткен дәстүрімізден ажырамайық. 
Түркі әлемінің рухани кіндігі атанған Түркістанда, ірі мәдени шаралар 
өтіліп  ғасырларға    рухани  азық  болар  дүниелер  ұрпаққа  үлгі  екені  анық. 
Қасиетті  өңірімізде  жұдырықтай  жұмылып  Тәуелсіз  елдің  бақытты 
ұландарын, егемен елдің еңселі азаматтарын білімді, ақылды, парасатты,иман 
жүзді, ер жүректе батыл ұрпақ  тәрбиелеу – парызымыз. Аталар  аманат еткен 
дәстүрімізден ажырамайық. 
         Жаңғыру  баянды  болашаққа  жетелейді. Екі  тарау  мен  алты  тармаққа, 
алты  тапсырмаға  құрылған  Елбасы  бағдарламасы  –  рухани  кеңістігіміздің 
жаңа жаңғыруы. Рухани жаңғыру - туған жер тұтастығы мен ел болашағының 
негізі.  Ендеше,  көкжиектен  ауытқымай,  ұлт  көшбасшысының  өскелең 
ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.  
Олай болса, рухани жаңару арқылы әлем   мойындар табысты ел болып
жарқын    болашаққа  деген  сенім  мен  үмітті    үндестіре  отырып,  баршамыз 
бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет