Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет107/164
Дата18.02.2022
өлшемі3.87 Mb.
#455492
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру

қатынас орната білу қажет. Ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, 
мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. 
Ар-намысын  жоғары  ұстаған  ел  ғана  басқа  ел  алдында  әрдайым  абыройлы, 
сыйлы  болмақ.  Еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың  болашағы  –  бүгінгі  мектеп 
қабырғасында  отырған  бүлдіршіндер  екені  мәлім.  Олардың  қамын  ойлау - 
баршамыздың  парызымыз.  Кез  келген  мектептің  мақсаты  мен  мұраты - 
өркениетті  елдердің  қатарынан  көріну,  ел  мен  жер  байлықтарын  ысырапқа 
салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен 
саналы  тәрбие  бере  отырып,  елдің  өткенін,  ұлттың  тарихын,  мәдениетін, 
салт-дәстүрін,  табиғат  ерекшеліктерін  етене  таныстыру  қажет.  «Адамға  ең 
бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, 
ол  келешекте  оның   барлық  өміріне  апат  әкеледі,  адамға  ең  бірінші  керегі 
тәрбие», - депті, Әл-Фараби бабамыз. [3]    
         Халқымыз  бала  тәрбиесіне  аса  зор  көңіл  бөлген,  жақсы  қасиеттерге 
баулып,  жаманнан  жирендіріп,  жақсыдан  үйретіп  отырған.  Бала  тәрбиесіне 
көңіл  бөліп  тереңінен  ойлаған  қазақ  халқы  бесіктегі  нәресте  тәрбиесіне  де 
жете  көңіл  бөле  білген. Баланы  тәрбиелеуде  отбасы  басты  рөл 
атқарғандықтан,  ұлы  М.Әуезов  те  отбасы  тәрбиесін  ерекше  бағалап:  «Ел 
болам  десең,  бесігіңді  түзе»,  -  деген  [3].  Кез  келген  білім  ошағы  ұлттық 
тәрбие  бағдарламасында  ұлттық  құндылықтарымызды  дәріптеп  білім  берер 
болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ. Өз ұлтын, 
тілін  сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан 
ата-ананы,  үлкенді  сыйлау,  кішіге  қамқорлық,  мейірбандық,  инабаттылық 
көрсету  сияқты  ізгі  қасиеттердің  иесі  бола  алады.  ХХІ  ғасыр  –  ақпараттар 
мен ғаламдасу ғасыры десек, заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеп, 
Отанына  деген  шынайы  сүйіспеншілігін  ояту-қоғамның  бүгінгі  ең  өзекті 
мәселесі. Жастар – елдің болашағы, тірегі. Ұрпақ тәрбиесіне селқос қарауға 
болмайды. Тәуелсіз мемлектіміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаттарының 
бірі  -  еліміздің  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы,  оның  әлемдік  білім 
кеңістігінен орын алуы. Бұл ұлттық білім беру жүйесін жаңа арнаға бұруды, 
нәтиже мен сапаға бағыттауды, сондай-ақ  бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу 
қажеттілігін  міндеттейді.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 
Заңында азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына 
сүйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерін  құрметтеуге,  халық  дәстүрлерін 
қастерлеуге  тәрбиелеу  мемлекеттің  білім  саясатының  басты  ұстанымы 
екендігі  атап  көрсетіліп  отыр.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  білім  мен  ғылым 
қызметкерлерінің екінші съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер  – 
бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол 
деңгейде  болады.  Сондықтан  жүктелетін  міндет  өте  ауыр»,-  деген 
болатын.     Тәуелсіз  еліміздің  азаматын  парасатты  да  білімді,  мәдениетті  де 
саналы  етіп  тәрбиелеп,  дүниетанымын  жалпы  адамзаттық  деңгейде 
дамытамыз десек, қалың көпшілік бірлесе күш салу керек. «Жас бала – жаңа 
өркен   жайған   жасыл  ағаш  тәрізді»,-дейді  халқымыз.  Жерге  отырғызған 
жас   көшет  те  қашан  тамыры  тереңдеп,  жапырағы  жайқалып,  саялы  ағаш 


234 
 
болып үлкейгенше мәпелеп, үзбей күтім жасауды керек етеді. Жаңаша білім 
берудің  негізігі  мақсаты  -  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  құрылымы  мен 
мазмұнын  толықтай  өзгерте  отырып,  заманына  сай  мектеп  құру.  Олардың 
білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы азамат боп жетілуі тәлім мен 
тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Өз ісіне берілген, жаңалықты 
жатсынбай  қабылдайтын,  ұлттық  қасиеттеріміздің  асылдарын  асқақтата 
отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазға артылатын сенім жүгі салмақты.  
         Білім  беру  мен  тәрбиелеудің  мақсатын  айқындау  үшін  қазақ 
білімпазы Жүсіпбек  Аймауытовтың мына  сөздерін  еске  алған  жөн.  «Мектеп 
бітіріп  шыққан  соң  бала  бүкіл  әлемге,  өзгенің  және  өзінің  өміріне  білім 
жүзімен  ашылған  саналы  ақыл  көзімен  қарай  білсе,  міне,  білімдендірудің 
көздейтін  түпкі  мақсаты  осы.  Мектеп  осы  бағытта  баланың  келешекте 
жетілуіне  мықты  негіз  салуы  керек» –деген  екен  [4].  Оқушылардың  ұлттық 
құндылық  қасиеттерін  қалыптастыру  негізінің  бірі  –  мектепішілік 
жүргізілетін  тәрбиелік  іс-шаралар.  Адамның  бойына  жақсы  адамгершілік 
қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-
өнеге  берер  ұстазға  байланысты.  Осыны  жақсы  түсінген  халқымыз «Ұстазы 
жақсының  -  ұстамы  жақсы»,  «Тәрбие  басы  –  тал  бесік»  деп  ұлағатты 
ұстаздың  еңбегін  текке  кетпейтіндей  өсиет  еткен.  Жеке  тұлғаны  ұлттық 
құндылықтар арқылы тәрбиелеуде алдымен төмендегідей мақсаттар қойдым: 
      - өз халқы оның мәдениеті мен дәстүрлерін мақтаныш тұтатын Қазақстан 
азаматын тәрбиелеу; 
      -  жалпы   адамзаттық  негіздер  мен  құндылықтарды  құрайтын  саналы 
көзқарастары мен қағида ұстанымдарын тәрбиелеу
      -  Қазақстан  Республикасының  азаматын  тәрбиелеудің  үлгісіне  сәйкес 
этнопедагогика,этнопсихоголия,  этномәдениет  негізінде  тәрбие  үрдісін 
ұйымдастыру; 
      -  оқушыларды  табысты  іс-әрекетте  бағыттау,  олардың  шығармашылығы 
мен білім құмарлығын дамыту, қолдау. 
       Ақын  Мағжан  Жұмабаев «Баланы  тәрбиеші  дәл  өзіндей   қылып  емес, 
келешек  заманына  лайық  қылып  шығаруы  қажет,»  -  деген  ойлары  арқылы 
тәрбиені  келер  күн  талабымен   ұштастырады.  [5]    Қазақ  халқының  тәрбие 
дәстүрі  қай  халықтың  тәрбиесінен  кем  түсіп  көрген  емес.  Бүгінгі 
ұрпағымызды  халқымыздың  баға  жетпес  бай  салт-дәстүрлері  негізінде 
тәрбиелеу,  оларға  ата-бабаларымыздың  озық  дәстүрлерін  сіңіруіміз  керек. 
Оқытуда  ұлттық  құндылықтарымызды    мақал-мәтелдер,  шешендік  сөздерді 
қолданып  бала  бойында  ұлтымызға  ғана  тән  терең  ойлау,  шебер  сөйлеу 
дағдыларын  дамытып,  тіл  көркемдігін  сақтауға  үйретемін.  Халықтың  тілі-
халықтың  жаны,  тамыры,  ойы,  өрісі.  Жеке  тұлғаны  ұлттық  құндылықтарды 
пайдалана отырып тәрбиелеуде, халық ауыз әдебиетінің қарапайым үлгілерін 
біртіндеп күрделенуіне қарай таңдап алдым. Тұлғаның рухани дүниесіне әсер 
ете отырып, ең алдымен әдептілігіне аса назар аудардым. Өйткені әдептілік-
халқымыздың  ұлттық  психологиясының  өзегі,  оның  ғасырлар  бойы 
қалыптасқан  барысында  «әдеп»,  «әдептілік»  деген  түсініктер  төңірегінде 


235 
 
ұйымдастырған  мақал-мәтелдер  сайысы,  ұлттық  ойындар  игі  нәтижесін 
көрсетті.  Еліміздегі  бүгінгі  оқушылар  нарықтық  реформа  және  өзгеден 
қоғамдық  қатынастар  жағдайында  өскен  ұрпақ.  Ұлттық  құндылықтар  бұл 
жастардың  құндылық  бағыттылығына  қалай  да  болса  бір  әсерін  тигізеді. 
Қазіргі  ұстазға  қойылған  негізгі  талап  бала  санасында  қай  кезде  де  сапалы 
білім алдыңғы қатарлы әлеуметтік құндылық болып есептелетінін сезіндіру. 
Сапалы  білім  алу  мен  ұлттық  құндылықтарды  сіңіру  арқылы  ғана  өзгеріп 
жатқан өмір жағдайларына дағдыландыру. Ғасырлар бойы шектеулі шеңбер 
аясынан  шырмауықтай   шырмалып  шыға  алмай  келген  ұлттық  тәрбиенің 
жаңа  талапқа  сай  жаңғыртып,  жаңартып  өскелең  жас  ұрпаққа  толыққанды 
тайға  таңба  басқандай  жеткізсек,  таптырмас  тағылым  болары  сөзсіз.  Жеке 
тұлғаны  жан-жақты  дамыту  мен  қалыптастыру  мәселесі  -  Абай  Құнанбаев, 
Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек 
Аймауытов  және  т.б.  шығармаларының  негізгі  арқауы.  Әсіресе  ұлы  ғұлама 
Абайдың  еңбектерінде  адам  бойындағы  негізгі  қасиеттер:  қайрат,  ақыл, 
жүректің  сапалық  деңгейіне  қарай  және  олардаң  өзара  қатынасына 
байланысты  қалыптасатын  «Толық  адамды»  (білімді,  адамгершілігі  жоғары, 
парасатты  жан-жақты  жетілген  тұлға)  тәрбиелеп  жетілдіру  мақсаты 
көзделеді.      Тәрбиенің  негізгі   мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана-сезімі  ояу, 
рухани  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы,  еңбекқор,  іскер, 
бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.           
Тәрбие ісі - ұзақ және күрделі үдеріс. Адамзат дамуының қай кезеңінде 
болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі 
жүзеге асыру үдерісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырылады. 
Өйткені,  мемлекет  қажеттігінің  орындалуы  оның  экономикалық  күш-қуаты 
мен  саясатына  тәуелді  екендігі  белгілі.  Олай  болса,  тәрбие  тиімділігінің  ең 
басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің 
мақсатын  нақты  анықтау  болып  табылады.    Жалпы  адамзаттық  тұрғыдан 
қарағанда  тәрбие  мақсаты-  әрбір  тұлғаны  жан-жақты  және  жарасымды  етіп 
тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие деп, жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-
құлқының  ана  тілін,  ата  тарихын,  төл  мәдениетін  және  ұлттық  салт-
дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.  Мектебімізде ұлттық 
тәрбие  беру  мақсатында  көптеген  іс  –шаралар  өткізілуде.  Мәселен,  жыл 
сайын  қыздар  арасында    «Көктем  аруы»  байқауы  өткізіледі.  Байқауда  ару 
қыздарымыз  өз  өнерлерін,  шеберліктерін  көрсетіп,  ұлттық  құндылықтарды 
дәріптейді. Мектеп ұстаздары «Рухани жаңғырудың тірегі  – тіл»  атты тағы 
да  басқа  аудандық  байқауға  қатысып,  жүлделі  орындарды  иеленді.  Қорыта 
келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани 
құндылықтарды  сақтағанда  ғана  мығым  болмақ.  Баланың  бойына 
мейірімділік,  адамгершілік,  әдептілік  сынды  қасиеттерді  сіңіріп,  туымызды 
жықпай,  ұлан-байтақ  жерімізді  қорғайтын  патриотты  тәрбиелеу  біздің 
міндетіміз болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет